Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына адвокатура өкілдері енді
202614.05
0

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына адвокатура өкілдері енді

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңартылған құрамына адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері, оның ішінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары — Бикебаев Айдын Жолшиевич, Воронов Виталий Иванович және Канафин Данияр Кайратович кірді. Бикебаев Айдын Жолшиевич Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл — оған көрсетілген жоғары кәсіби сенімнің, сондай-ақ…

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
202609.05
0

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Алматы қалалық адвокаттар алқасы сіздерді 9 Мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн — бейбітшілік пен бостандықты жанқиярлықпен қорғаған халықтың ерлігі, қайсарлығы мен рухының символы ретінде тарихымызда айрықша орын алады. Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және осы жеңіс жолында еңбек еткен барша жандарға терең алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз ұрпақтың…

202606.05
0

Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы сіздерді 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер! Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы сіздерді 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Бұл мереке — ерлік пен абыройдың, жауапкершілік пен елге адал қызмет етудің белгісі. Адвокат мамандығы да үлкен батылдықты, табандылықты және әділдік жолында аянбай еңбек етуді талап етеді. Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, мықты рух, отбасылық амандық және бейбіт өмір тілейміз….

202605.05
0

2026 жылғы 4 мамырда Алматы қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы тәртібімен шағымдарды қарау, сондай-ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану және электрондық бақылау құралдарының болуы мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті

Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рахметуллина Н.М., Алматы қалалық сотының төрағасы Жукенов А.С., Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Шамшиев А.Д., Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы Лесбаев Б.Ж., Алматы қаласының прокуроры Карипбеков С.А., сондай-ақ Алматы қаласының күштік құрылымдарының басшылары қатысты….

Алматы қалалық адвокаттар алқасы Республикалық адвокаттар алқасы төрағасы Мырзағараев Мади Жомартұлының әкесінің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
202606.03
0

Алматы қалалық адвокаттар алқасы Республикалық адвокаттар алқасы төрағасы Мырзағараев Мади Жомартұлының әкесінің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Асқар таудай әкенің өмірден озуы – отбасы мен жақындары үшін орны толмас ауыр қайғы. Әке – әр шаңырақтың тірегі, ұрпағына бағыт-бағдар беретін, өмірлік өнеге көрсететін ең қадірлі жан. Марқұмның жарқын бейнесі, адамгершілігі мен өмірлік ұстанымдары оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Осындай ауыр сәтте Алматы қалалық адвокаттар алқасының ұжымы Мырзағараев Мади Жомартұлы мен оның…

202601.03
0

Алғыс айту күні құтты болсын!

Бүгін – жүректегі ризашылықты білдіретін ерекше күн.Өмірімізге шуақ сыйлаған ата-анамызға, қолдау көрсеткен достарымызға, жанымыздан табылған жақындарымызға алғыс айтайық. Сондай-ақ күнделікті еңбекте бірге тер төгіп, қуаныш пен жауапкершілікті қатар бөлісіп жүрген қадірлі әріптестерімізге де шынайы ризашылығымызды білдірейік. Әр күніңіз мейірімге толы болсын, шаңырағыңыздан береке кетпесін.Жақсылық жасаған жанға жақсылық еселеніп қайтсын.Алғыс айтудан тартынбайық – өйткені шынайы ризашылық…

202601.03
0

Алматы қалалық сотында «Жаңа Салық кодексі: негізгі өзгерістер және қолдану тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға сот жүйесінің, прокуратура органдарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты. Кездесу барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, оны практикалық қолдану мәселелері, сондай-ақ салық дауларын қараудың өзекті аспектілері талқыланды. Дәлелдеу тәсілдеріндегі жаңашылдықтарға, сот тәжірибесін біріздендіруге және кәсіби заң қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды. Негізгі…

Құрметті әріптестер!Сіздерді 2026 Жаңа жылымен шын жүректен құттықтаймыз
202606.01
0

Құрметті әріптестер!Сіздерді 2026 Жаңа жылымен шын жүректен құттықтаймыз

Сіздерге мықты денсаулық, сәттілік пен кәсіби қызметтеріңізде толағай табыс тілейміз. Жаңа жыл тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім, амандық пен жаңа кәсіби белестер әкелсін. Жұмыстарыңызда әрдайым даналық, сабырлылық пен ұстанымдылық серік болып, еңбектеріңіз әріптестер мен сенім білдірушілер тарапынан лайықты құрметке ие болсын. Әр күніңіз жағымды жаңалықтарға толы болып, отбасыларыңызда бейбітшілік, жылулық пен өзара түсіністік орнасын! Алматы…

202514.12
0

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды

📌 2025 жылғы 09 желтоқсанда Алматы қалалық адвокаттар алқасының Адвокаттарды тағылымдамадан өткізу және біліктілігін арттыру орталығында адвокаттардың қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес Тараптар…

202504.12
0

АДВОКАТУРА КҮНІМЕН!

Құрметті әріптестер! Сіздерді 5 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан адвокатурасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз — бұл күн еліміздің құқықтық жүйесі үшін айрықша маңызға ие. 1997 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңы қабылданып, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет адвокатураның құқықтық мәртебесі дербес әрі маңызды институт ретінде бекітілді. Бүгінде бұл күн ресми кәсіби мереке болып…