2026 жылғы 4 мамырда Алматы қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы тәртібімен шағымдарды қарау, сондай-ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану және электрондық бақылау құралдарының болуы мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті
Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рахметуллина Н.М., Алматы қалалық сотының төрағасы Жукенов А.С., Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Шамшиев А.Д., Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы Лесбаев Б.Ж., Алматы қаласының прокуроры Карипбеков С.А., сондай-ақ Алматы қаласының күштік құрылымдарының басшылары қатысты.


Алматы қалалық адвокаттар алқасынан дөңгелек үстелге Президиум төрағасының орынбасары Байгазина Г.Б., Попов В.Н., Седова Р.И., Аскаров А.Д. қатысты. Бұл ретте Попов В.Н. мен Седова Р.И.-дің баяндамалары тыңдалғаннан кейін пікір алмасу және өзекті мәселелерге назар аудару үшін судьялар корпусына жолданды.
Дөңгелек үстелде бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері көтеріліп, оның ішінде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот практикасының бірізділігін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу күтілуде.