Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, қадірлі қазақстандықтар!
Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, егемендігінің айқын белгісі. Олар Қазақстанның тарихын, ұлттық құндылықтарын және рухани болмысын бейнелейді.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншіліктің, патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, татулық пен еліміздің игілігі жолындағы толайым табыстар тілейміз!
Құрметпен,
Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы.