Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына адвокатура өкілдері енді
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңартылған құрамына адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері, оның ішінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары — Бикебаев Айдын Жолшиевич, Воронов Виталий Иванович және Канафин Данияр Кайратович кірді.
Бикебаев Айдын Жолшиевич Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл — оған көрсетілген жоғары кәсіби сенімнің, сондай-ақ адвокатура институтын дамытуға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне қосқан үлесінің мойындалуының айқын көрінісі.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға жәрдемдесуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган.
Адвокатура өкілдерінің Комиссия құрамына енгізілуі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекетті дамытудағы және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудегі адвокатура институтының маңызды рөлін айқындай түседі.
Алматы қалалық адвокаттар алқасы Айдын Жолшиевичті, Виталий Ивановичті және Данияр Кайратовичті Комиссия құрамына енуімен құттықтап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы қызметтеріне табыс, кәсіби жетістіктер және нәтижелі еңбек тілейді.



