Қазақстан адвокаттары — түркі мемлекеттері арасындағы мини-футбол турнирінің Кубок иегерлері!

202622.10
0

🏆 Қазақстандық адвокаттар 2026 жылғы 11–13 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен түркі мемлекеттері адвокаттары арасындағы халықаралық шағын футбол турнирінің алғашқы Кубогын жеңіп алды!

Қазақстанның Республикалық адвокаттар алқасының құрама командасы сапында Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілдері — Хояшев Бахтияр Серікұлы, Бегдисинов Амир Бисенгулович, Ербосынов Айбек Жалкенович және Заитов Абдримжан Тельманович лайықты өнер көрсетті.

Тарихи жеңіске қосқан үлесі үшін адвокаттар Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы М. Мырзагараевтың алғысымен марапатталды.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы турнир қатысушыларының спорттық жетістіктерін және халықаралық аренада алқа абыройын асқақтатқанын атап өтіп, оларға алғыс хаттар табыстады.

Спортшылардың ата-аналарына да ұлдарын лайықты тәрбиелеп, олардың жетістіктеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс хаттар табысталды.

Чемпиондарымызды лайықты жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа спорттық жетістіктер тілейміз! 🇰🇿🏆

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.