АҚАА адвокаттары ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысты

202603.11
0

2026 жылғы 31 қазанда Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Алматы қаласы әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған таулы аймақта ағаш отырғызу жөніндегі экологиялық акцияға белсенді қатысты.

Бұл жолы экологиялық іс-шара табиғаты көркем Кимасар (Комиссар) шатқалында өтті.

Адвокаттар қауымдастығының өкілдері қаламызды көгалдандыруға және табиғи байлығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Мұндай іс-шараларға қатысу — әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау жолында күш біріктірудің маңызды мүмкіндігі.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы қаланы абаттандыруға, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.