2025 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қалалық соты мен аумақтық адвокаттар алқасының өзара іс-қимылы жөніндегі Консультативтік кеңестің алғашқы отырысы өтті

Кеңес Алматы қалалық сотының төрағасы Жукенов Арман Сериктаевичтің бастамасымен құрылды. Оның құрамына судьялар, сондай-ақ адвокаттар Дзауров Муса Султанович, Канафин Данияр Кайратович, Мусин Салимжан Альмуратович, Назханов Таир Кузекович, Тихонов Евгений Сергеевич және Уразбахова Жанна Мухамадиевна кірді.
Кеңестің құрылуы судьялар мен адвокаттар қауымдастығы арасындағы кәсіби диалогқа және сот төрелігінің сапасына тікелей әсер ететін мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған жаңа алаң қалыптастырды.
Біздің делегация құрамында төралқа өкілдері мен қаланың жетекші адвокаттары болды. Біз мазмұнды, нақты әрі сындарлы жұмыс жүргізуге ниеттіміз.
Адвокаттар қауымдастығының Кеңес жұмысының регламентіне, сондай-ақ оның қызметінің басым бағыттарына қатысты нақты ұсыныстары бар. Бұл алаң практикалық мәселелерді ашық талқылауға, тиімді шешімдер табуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз.
Арман Сериктаевичке осы бастамасы үшін алғыс білдіреміз және Кеңестің жұмысы жемісті болып, нақты нәтижелерге жеткізеді деп үміттенеміз!