2026 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілдері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинарына қатысты

202630.09
0

Семинар Департаменттің бастамасымен адвокаттардың Комитеттің ақпараттық жүйелері мен электрондық сервистерін практикалық тұрғыдан пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға қатысу үшін қаланың заң консультацияларынан адвокаттар жіберілді. Олар алдағы уақытта алған білімдері мен практикалық дағдыларын өз әріптестерімен бөлісе алады.

Семинар барысында Департамент қызметкерлері Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (СДТБТ) жария секторының мүмкіндіктерін таныстырды, қылмыстық істер бойынша мәліметтерді электрондық форматта алу тәртібін түсіндірді, сондай-ақ өтінішхаттар мен шағымдарды беруге арналған сервистердің функционалдық мүмкіндіктерін көрсетті.

Адвокаттардың жүйемен жұмыс істеу кезінде туындайтын практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жария сектор арқылы қылмыстық істердің материалдарына қол жеткізу тәртібін, берілген шағымдар мен өтінішхаттардың жеке кабинетте көрсетілуін, сондай-ақ адвокаттардың практикалық қажеттіліктерін ескере отырып, электрондық сервистерді жетілдіру мәселелерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша тараптар ақпараттық жүйелердің жұмысына қатысты туындайтын мәселелер бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді. Департамент өкілдері адвокаттармен жедел байланыс орнатып, электрондық сервистерді пайдалануға байланысты техникалық және практикалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетуді ұсынды.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне ашық кәсіби диалог және адвокаттар қауымдастығымен одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын болғандары үшін алғыс білдіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.