АҚАА Адвокаттардың тәжірибе жинау және біліктілігін арттыру орталығының қабырғасында Алматы қалалық адвокаттар алқасының 50 жылдығына арналған пікірсайыс турнирі өтті
2023 жылдың 2 қыркүйегінде АҚАА Адвокаттардың тәжірибе жинау және біліктілігін арттыру орталығының қабырғасында Алматы қалалық адвокаттар алқасының 50 жылдығына арналған пікірсайыс турнирі өтті.
Бұл турнирге жеті команда қатысты:
— Двое в лодке;
— ЮК №12;
— Семёрка;
— ЮК №6;
— ЮК №2;
— ЮК №8;
— Бони и Клайд.
Ойындардың тақырыптары:
— Адвокатураға кіру барлығына бірдей болуы керек;
— Адвокаттың қару алып жүру құқығы;
— Адвокаттың қызметін мемлекеттік лицензиялау-адвокатураның жалпы сипатына қайшы келеді;
— Адвокат-тәуелсіз тұлға;
— Адвокаттың қызметіне қолсұғылмаушылық;
— Адвокат және кәсіпкерлік қызмет.
Соңғы ойында «Двое в лодке» және «Бони и Клайд» командалары бәсекеге түсті. Үш раундтық тең және ымырасыз күрестен кейін төрешілердің біріккен шешімімен жеңісті Александр Каплан мен Руслан Анарбековтен құралған «Двое в лодке» командасы жеңіп алды.
Турнирге «Адвокат» пікірсайыс клубының қонақтары төрелік етті:
— Ануар Шакарим, актерлік өнер және шешендік өнер мектебінің жетекшісі;
— Тимур Шамои, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы;
— Алия Кадырова, ұстаз, оқу орталығының меңгерушісі.
Турнир қатысушыларымен пікірсайыс жүргізген сарапшылар АҚАА адвокаттары Салимжан Альмуратович Мусин және Владимир Ильич Турамшев болды.