2026 жылғы 6 қазанда Алматы қалалық адвокаттар алқасының Тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру орталығында «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және білікті заң көмегі. Заңнаманың, адвокатураның ішкі актілерінің және практиканың салалардың 4 және 5 бақылау көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау» тақырыбындағы зерттеуінің таныстырылымы өтті.

Зерттеудің авторы әрі іс-шараның спикері «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының бағдарламалар директоры Амангельды Сергеевич Шорманбаев болды.
Іс-шараға адвокаттар, Алматы қалалық адвокаттар алқасының заң консультацияларының меңгерушілері, сондай-ақ Алматы қаласының Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Бактымбетова Айгуль Абильдаевна және Алматы қалалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Байгазина Гульнар Бакировна қатысты.
Таныстырылым барысында адвокатураның институционалдық және функционалдық тәуелсіздігі, тәртіптік практика, адвокаттардың кәсіби кепілдіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білікті заң көмегінің қолжетімділігі мәселелеріне арналған кешенді зерттеудің нәтижелері ұсынылды.
Қатысушылардың ең үлкен қызығушылығын зерттеудің мемлекет кепілдік берген заң көмегіне арналған бөлімі тудырды. Талқылау аясында адвокаттарды электрондық түрде тағайындау, ақпараттық жүйелерге қол жеткізу, адвокаттардың еңбегіне уақтылы ақы төлеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегі (МКБЗК) жүйесін қаржыландыру, адвокаттарды жыл ішінде жүйеге қосу, сондай-ақ азаматтарға заң көмегін көрсету тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелері қозғалды.
Кездесуге қатысушылар зерттеудің қорытындылары мен ұсынымдарын талқылап, адвокаттар қауымдастығы үшін де, уәкілетті мемлекеттік органдар үшін де практикалық маңызы бар адвокатураны дамыту және МКБЗК жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шара ашық кәсіби диалог форматында өтіп, адвокатураның қызмет етуінің өзекті мәселелерін және Қазақстан Республикасында білікті заң көмегін ұйымдастыру жүйесін одан әрі дамытуды талқылауға арналған алаңға айналды.