Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер!
Алматы қалалық адвокаттар алқасы сіздерді 9 Мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн — бейбітшілік пен бостандықты жанқиярлықпен қорғаған халықтың ерлігі, қайсарлығы мен рухының символы ретінде тарихымызда айрықша орын алады.
Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және осы жеңіс жолында еңбек еткен барша жандарға терең алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігі әрдайым жүрегімізде сақталып, отансүйгіштік пен бірліктің, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала береді.
Осы айтулы күні баршаңызға бейбіт өмір, амандық, зор денсаулық және ертеңгі күнге сенім тілейміз. Әр шаңырақта татулық, тыныштық пен өзара құрмет салтанат құрсын.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!