Алматы қалалық сотында Сот органдарының бірыңғай порталының жұмысы талқыланды

2026 жылғы 14 қазанда Алматы қалалық сотында «Сот кабинетінің» орнына енгізілген Қазақстан Республикасы Сот органдарының бірыңғай порталының жұмыс істеу мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.
Қатысушылар тіркелу және жүйеге кіру, процестік құжаттарды беру, сот хабарламаларын алу және іс материалдарына қол жеткізу мәселелерін талқылады. Бұрынғы жүйедегі деректерді көшіруге және адвокаттардың жаңа порталмен жұмыс істеу барысында кездесетін техникалық қиындықтарына ерекше назар аударылды.
Әзірлеушілердің өкілдері сұрақтарға жауап беріп, практикалық ұсынымдар ұсынды. Сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
Әзірлеушілермен ашық диалог күнделікті тәжірибеде туындайтын мәселелерді көтеруге және оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер сындарлы өзара іс-қимылға және электрондық сот ісін жүргізу сапасын арттыруға ықпал етеді.
Көтерілген мәселелер уақтылы шешіліп, техникалық кемшіліктер толық көлемде жойылады деп үміттенеміз. Порталдың тұрақты әрі қолайлы жұмыс істеуі адвокаттар мен сот ісін жүргізуге қатысушылардың барлығы үшін маңызды.