«НЕГІЗГІ ЗАҢ АПТАЛЫҒЫ» акциясы

201922.08
0

Алматы қалалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Негізгі заң апталығы» акциясына қолдау білдіретіні туралы хабарлайды.

Аталған акция бүкіл аумақтар бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылады.

Адвокаттар заң үстемдігі негізінде заң көмегін көрсетеді және елдің негізгі Заңының күші мен беделін нығайтуда шетте қала алмайды.

Осыған байланысты, мекен-жайы төменде көрсетілген Алматы қалалық адвокаттар алқасының барлық заң консультацияларында, негізгі конституциялық құндылықтарды түсіндіру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2019 жылы 26 тамыздан 29 тамызға дейін сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша ақысыз қабылдау жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, адвокаттар Алматы қаласының Әділет департаментімен жоспарланған іс-шараларға қатысады, атап айтқанда “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Әуезов ауданыдық (Жандосов көшесі, 51) және Бостандық аудандық (Алмагүл ықшам ауданы, 9А) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында.

Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернет-басылымдарда жарияланады.

Скачать (DOC, 37KB)

Скачать (DOCX, 17KB)

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.