«Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының 50 жылдығына орай Спартакиада өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже «Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар Алқасы Жарғысының 17.4-тармағының 30-тармақшасына сәйкес әзірленді;
1. Мақсаттар мен міндеттер
«Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының 50 жылдығына орай Спартакиаданы (әрі қарай – Спартакиада) өткізудің мақсаттары:
– салауатты өмір салтын насихаттау, адвокаттарды, әділет органдарының, прокуратура қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту;
– дене шынықтыру және бұқаралық спорт саласында жұмыс тәжірибесімен алмасу;
2. Спартакиаданы өткізетін орны мен мерзімі
Спартакиада 2023 жылғы 8-9 қыркүйек аралығында Алматы қаласы, Санаторная көшесі, №14 мекенжайы бойынша өткізіледі. “Бағанашыл” Спорт Кешені.
07.09.2023 жылы сағат 12:30 – 14:30 аралықта АҚАА төралқасының орынжайында – Спартакиадаға қатысушыларды тіркеу және команда өкілдерінің қатысуымен жеребе тарту.
08.09.2023 жылы сағат 09.00 – қатысушыларды салтанатты түрде сапқа тұрғызу, Спартакиаданың ашылуы және осы Ереженің 6-тармағында белгіленген спорт түрлері бойынша жарыстардың басталуы;
09.09.2023 жылы сағат 9.00 – жарыстың жалғасуы, сағат 13.00 Спартакиаданың жабылуы, марапаттау.
3. Негізгі ережелер
«Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының төралқасы (әрі қарай – АҚАА Төралқасы) «Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының 50 жылдығына орай Спартакиаданы өткізу туралы ереженің (әрі қарай – Ереже) орындалуын бақылауды жүзеге асырады және Спартакиаданы өткізу барысында туындайтын барлық даулы жағдайларды шешеді.
Спартакиадаға қатысатын барлық тұлғалар осы Ереженің талаптарын орындауға және даулар туындаған кезде оған сілтеме жасауға міндетті.
Осы Ереже талаптарының бұзылуына Төралқаға шағым жасалуы мүмкін.
Спартакиадаға осы Ережеге №2 және №3 қосымшаларға сәйкес қатысуға өтінім берген командалар қатысады.
Командалар құрамы спартакиадаға қатысатын ұйымның тек жұмыс істейтін қызметкерлерінен құралады.
Қатысушылар қатысатын командалар құрамы мен спорт түрлері өтінімдермен (сандық және атаулы) анықталады және осы Ереженің 11-тармағына сәйкес АҚАА Төралқасына беріледі.
4. Спартакиаданы өткізу басшылығы. Ұйымдастырушылар
Спартакиаданы өткізуге жалпы басшылықты АҚАА Төралқасы жүзеге асырады.
АҚАА Төралқасы Спартакиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетімен (әрі қарай – Ұйымдастыру комитеті) келісім бойынша әрбір спорт түріндегі төрешілікті жүзеге асыру үшін кәсіби спорт төрешілерін (төрешілерді) тартады.
Спартакиаданы өткізуді ұйымдастыру АҚАА аппаратына және Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
Ойыншылардың іс-әрекеттеріне, ойын ережелерін бұзуға, ұпай жинауға қарсылықты тек команда капитандары осы ойынға қызмет көрсететін төрешіге және жоғарыда аталған оқиғалар басталған кезде білдіреді. Шешімді төреші дереу қабылдайды және ол қортыныды болып табылады және шағымдануға жатпайды.
5. Қатысушылар қауіпсіздігі. Медициналық қамтамасыз ету.
Спартакиада қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында спорт жарыстары спорт ғимаратының «Спорт іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» нұсқаулығына сәйкестігін алдын ала тексергеннен кейін өткізіледі.
Қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
Спартакиада қатысушысының атаулы өтінімге қосылуы оның Спартакиадаға қатысуы үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін білдіреді. Жарысты өткізу кезінде Спартакиада қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік қатысушылардың өздерінде болады.
Спартакиаданың медициналық сүйемелдеуін АҚАА аппараты және Ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.
*Ауа райына байланысты турнирлерді өткізу уақыты мен орны Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
8. Спартакиаданы өткізу тәртібі мен шарттары.
Жарысқа қатысушылар.
Жарыс Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы спорт ережелері және осы Ереже бойынша өткізіледі.
Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу тәртібі осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес регламенттеледі.
– Спорт түрлері бойынша жарыс: армрестлинг олимпиадалық жүйе (яғни ойыннан шығу) бойынша өткізіледі. Теннис айналу жүйесі бойынша.
* теннис бойынша түзетулер болуы мүмкін.
– Шахмат бойынша жарыстар ерлер мен әйелдер арасында Рапид айналу жүйесі бойынша бөлек өткізіледі. Қарсыластар жеребе арқылы анықталады және әрқайсысы әрқайсысына қарсы ойнайды.
– Футбол және волейбол бойынша жарыстар жеңімпаздардың плей-офф кезеңіне шығуымен топтағы ойындар жүйесі бойынша өткізіледі.
Командалық спорт түрлеріне командалардың тақ саны немесе жарыстың барлық кезеңдерінде жалғыз спорт түрлеріне спортшылар қатысқан жағдайда, жеребе арқылы ойнамай, жарыстың келесі айналымына шығу құқығын алатын команда немесе спортшы анықталады. Жарыстың келесі айналымына жеребе арқылы түскен қатысушылар басқа жеребелерге қатысуға құқылы емес.
9. Төрешілік. Қатысушылардың мәртебесі.
Барлық жарыстардың төрешілігін Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша Төралқа сайлаған төрешілер (төрешілер) жүзеге асырады. Ойындар нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған төреші, жеке жарыстарға қатысушы, команда капитаны қол қояды.
Қатысушы командалар берілген өтінімдерде көрсетілуі тиіс командалық спорт түрлерінде құрама команданың капитаны мен капитандарын сайлайды.
Қатысушы командалар Спартакиадаға тіркелу барысында қатысушылар тізіміне қызметтік куәліктердің көшірмелерін қоса береді.
Әрбір спорт түрі бойынша Спартакиадаға қатысуға тиісті мекеменің қызметкері ғана жіберіледі. Адвокаттың көмекшісінің, прокурордың, тағылымдамадан өтушінің немесе басқа тұлғаның қатысуына тыйым салынады.
Команда құрамында ол мәлімделген қатысушы командада болмайтын қатысушы анықталған жағдайда, команда толық құраммен шеттетіледі.
10. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау
Жалпы командалық жеңімпаз және жүлдегерлер келесі қағида бойынша анықталады:
1, 2, 3-орын алған қатысушылар алған орындары, жарыс мәртебесі және оларды өткізу күні көрсетілген Кубоктармен марапатталады.
Әрбір спорт түрінен 1, 2, 3-орын алған командалар мен жеке спортшылар медальдармен, кубоктармен және АҚАА грамоталарымен марапатталады.
Спартакиаданың үздік спортшылары жеке наградалармен марапатталады.
11. Қатысуға өтінім беру
Спартакиадаға қатысу үшін қатысушы командалар өз мекемелерінің атынан 2023 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей сандық өтінім (тек спорт түрлері мен қатысушылардың саны көрсетіледі) және 30 тамыздан кешіктірмей атаулы өтінім береді (Аты-жөні және фотосуреті бар қызметтік куәлігі қоса беріле отырып, олардың нақты спорт түрлеріне қатысуы көрсетіледі).
Қатысушылар өз қалауы бойынша спорттың белгілі бір түрлері бойынша команданы (қатысушыны) ұсынуға немесе ұсынбауға құқылы.
Өтінімдер АҚАА Төралқасына электрондық адреске беріледі: prezidium_agka@mail.ru барлық жолдарды (бағандарды) міндетті түрде толтыра отырып, қатаң белгіленген нысан бойынша (осы Ереженің 2, 3-Қосымшасы).
№ 1-қосымша
«Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының 50 жылдығына орай Спартакиада өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
Спорт түрлері бойынша жарыс бағдарламасы
1. Шағын футбол бойынша жарысты өткізу тәртібі
Ойын шағын футбол/футзал ережелері және № 4/5 доппен Ережелер (Қосымшалармен) бойынша спортзалда/резеңке/ағаш жабыны/жасанды көгалы бар алаңда ерлер командалары арасында өткізіледі.
Алаңдағы ойыншылардың саны – 6 (алты), яғни алаңдағы 5 ойыншы және 1 қақпашы. Қақпашыға пас беру және допты аяғында ұстау уақыты оның алаңдағы орналасуына қарамастан шектелмейді. Допты қолда ұстау уақыты 4 секундпен шектеледі. Алаңшаның/алаңның өлшемдері спорт кешенінде бар стандарттар бойынша қабылданады. Жасанды көгалда матчтар өткізілген жағдайда, сызылған сызықтардың өлшемдері: ұзындығы 38 метрге, ені 20 метрге тең. Алмастыру тек өтінімге енгізілген ойыншылармен шектеледі.
Ойындар екі кезеңде өткізіледі: – кіші топтардағы матчтар және плей-офф матчтары, финалшылар мен жеңімпаздар анықталғанға дейін.
Ойын 2 таймнан тұрады. Топтық матчтар кезінде ойынның ұзақтығы 40 минутты құрайды, яғни төрешіні алдын ала ескертумен және рұқсатымен таймдар арасында 5 минуттық үзіліспен және әрбір тайм кезінде 1 минуттық тайм-аутпен әрбір тайм 20 минуттан болады.
Плей-офф кезеңіндегі ойынның ұзақтығы 40 минутты құрайды, яғни төрешіні алдын ала ескертумен және рұқсатымен таймдар арасында 5 минуттық үзіліспен және әрбір тайм кезінде 1 минуттық тайм-аутпен әрбір тайм 20 минуттан болады.
Матч барысында ойын анық/айқын тоқтаған жағдайда төреші ойын уақытын ұзартуға/өтеуге құқылы.
Матч барысында алмастырулар шексіз рет жасалуы мүмкін, бірақ төреші анықтаған жерде және доп ойын алаңының шекарасынан шыққаннан кейін ғана. Алмастырушы ойыншы ойынға алмастырылатын ойыншы алаңнан шыққаннан кейін ғана кірісуге құқылы.
Әрбір таймда командалардың әрқайсысы ұзақтығы бір минут тайм-аут алуға құқылы.
Жеребе нәтижесінде командалар «әрқайсысы әрқайсысына қарсы» қағидаты бойынша ойнайтын ішкі топтарға бөлінеді.
Командаларды ішкі топтарға біркелкі бөлу мүмкін болмаған жағдайда, жеребе арқылы адам саны аз/көп командалардан тұратын ішкі топ анықталады.
Плей-офф кезеңінде бір ішкі топта бірінші орын алған командалар команда капитандарының қатысуымен жеребе арқылы анықталатын басқа ішкі топта екінші орын алған командалармен ойнайды.
Келесі айналымға плей-офф матчтарында өткен кейінгі мачтар да команда капитандарының қатысуымен төреші өткізетін жеребе нәтижесінде анықталады.
Плей-офф кезеңіндегі матчтардың нәтижелері бойынша есеп тең болған жағдайда, жеңімпаз қосымша уақыт тағайындаусыз және әр командадан кезекпен ұратын үш соққыдан тұратын матчтан кейінгі пенальти сериясының нәтижелері бойынша анықталады. Матчтан кейінгі пенальтидің негізгі сериясынан кейін есеп тең болған жағдайда, төреші «мүлт кеткенге дейін» қағидаты бойынша қосымша серия тағайындайды. Әрбір ойыншы матчтан кейінгі пенальтиді тек бір рет ұруға құқылы. Бұл ереженің ерекшелігі болып пенальтиді барлық мәлімделген ойыншылар тепкен жағдайлар табылады. Командалар матчтан кейінгі пенальти сериясы барысында қақпашыны, соның ішінде алаңдағы ойыншыға алмастыруға құқылы.
Ережені өрескел және/немесе қасақана бұзғаны, тәртіпсіз мінез-құлық, тіл тигізу және т.б. үшін төрешінің шешімі бойынша ойыншы оның ауырлығына қарай сары немесе қызыл карточкамен ауызша ескертумен жазаланады.
Ойыншы бір матчта алған екінші сары карта немесе тікелей қызыл карта осы ойыншыны келесі ойынға қатысу құқығымен матч аяқталғанға дейін автоматты түрде алаңнан шығарылуына әкеледі.
Ережені бұзғаны үшін төреші пенальти, айып добын немесе еркін соққы да тағайындай алады.
2. Волейбол бойынша жарысты өткізу тәртібі
Ойын спортзалда/алаңда волейбол және Ереже бойынша (Қосымшаларымен) арнайы жабынмен, ерлер мен әйелдер командалары арасында сәйкес доппен өткізіледі.
Ерлер мен әйелдер арасындағы турнирлер бөлек өткізіледі.
Алаңдағы ойыншылар саны 6 (алты). Алмастырулар тек өтінімге енгізілген ойыншылармен шектеледі.
Матч партияларда екі жеңіске дейін жалғасады, яғни бір матчтағы ең көп саны – үш партия. Партия уақытпен шектелмейді және 25 ұпайға дейін және екі озық ұпайға дейін созылады.
Плей-офф кезеңіндегі финалдық матчтар үш жеңіске дейінгі бес партиядан тұрады. Тайм-брейктің бесінші партиясы 15 ұпайға дейін созылады, ойын екі озық ұпаймен аяқталады.
Матч барысында алмастырулар шексіз рет жасалуы мүмкін, бірақ төреші анықтаған жерде және доп ойын алаңының шекарасынан шыққаннан кейін ғана. Алмастырушы ойыншы ойынға алмастырылатын ойыншы алаңнан шыққаннан кейін ғана кірісуге құқылы.
Әрбір партияда командалардың әрқайсысы екі рет 30 секундтық тайм-аут сұрай алады.
Жазаны волейболдың жалпы ережелері бойынша матч төрешісі тағайындайды. Жазалау түрлері: ескертпе, ескерту, алаңнан шығару, дисквалификация.
Ойындар екі кезеңде өткізіледі: – ішкі топтарда және плей-офф кезеңі.
Жеребе нәтижесінде командалар «әрқайсысы әрқайсысына қарсы» қағидаты бойынша ойнайтын ішкі топтарға бөлінеді.
Командаларды ішкі топтарға біркелкі бөлу мүмкін болмаған жағдайда, жеребе арқылы адам саны аз/көп командалардан тұратын ішкі топ анықталады.
Плей-офф кезеңінде бір ішкі топта бірінші орын алған командалар команда капитандарының қатысуымен жеребе арқылы анықталатын басқа ішкі топта екінші орын алған командалармен ойнайды.
Келесі айналымға плей-офф матчтарында өткен кейінгі мачтар да команда капитандарының қатысуымен төреші өткізетін жеребе нәтижесінде анықталады.
3. Шахмат бойынша жарысты өткізу тәртібі
Ойын классикалық шахмат ережелері бойынша тең шаршы торларға (тақтаның өлшемі – 8×8 тор) бөлінген тақтада өтеді.
Жарыс Рапид жүйесі бойынша блиц-турнир регламенті бойынша, дөңгелек жүйе бойынша ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткізіледі (әрқайсысы әрқайсысына қарсы ойнайды). Уақытты бақылау – әр жүріске 10 минут оған қоссымша 3 секунд. Қатысушылар саны 12 адаммен шектелген. Турлар саны қатысушылар санына байланысты.
Жарыс жеңімпаздары барлық партияларда жинаған ең көп ұпай санымен анықталады. Екі және одан да көп қатысушының ұпайлары тең түскен жағдайда жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша анықталады: 1. Бухгольц Коэффициенті; 2. Жеке кездесу.
Осы Ережемен реттелмеген ережелер, соның ішінде жүру уақыты төрешімен тура турнир басталар алдында әрбір ойыншының назарына жеткізіліп, анықталады.
4. Үстел теннисі бойынша жарысты өткізу тәртібі
Ойын сәйкес доппен үстел теннисі ережелері бойынша тормен екі жартыға бөлінген арнайы теннис үстелінде ойналады.
Ерлер мен әйелдер турнирлері бөлек өткізіледі.
Үстел теннисі бойынша жарыстар Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының 5 (бес) партиядан тұратын қолданыстағы ережелері бойынша өткізіледі. Егер екі ойыншы да 10 ұпай жинамаса, партияны бірінші болып 11 ұпай жинаған ойыншы жеңеді; бұл жағдайда партия бірінші болып қарсыласынан 2 ұпай көп жинаған ойыншы жеңеді. Бес партияның үшеуі жеңіске жеткен жағдайда ойыншы кездесудің жеңімпазы болып саналады.
Осы Ережемен реттелмеген ережелер төрешімен тура турнир басталар алдында әрбір ойыншының назарына жеткізіліп, анықталады.
5. Армрестлинг бойынша жарысты өткізу тәртібі
Күрес қол күрестіруге арналған арнайы үстелде өткізіледі.
Спортшылардың иықтары үстелдің ортаңғы сызығына параллель болуы керек. Күрес кезінде спортшы бұл сызықты басымен немесе иығымен қиып өтуге болмайды.
Бос қол арнайы істікшеден ұсталынуы керек. Қарсыластар қолдарын алақандарын қармай ұстайды. Қармау бас бармақты қысу нәтижесінде жүзеге асырылады. Бас бармақтың тырнақ ұшын төреші көретіндей етіп орналастыру керек. Қолды білегін бүге ұстауға болмайды.
Қолдар иық пен қол буыны ортасына дейін ашық болуы керек. Білек пен шынтақтарға кез келген сақтандырғыш бинт пен таңғыштарды пайдалануға, сондай-ақ қолдарында басқа заттарды (сақиналар, сағат және т.б.) қолдануға тыйым салынады.
Жеңіс спортшыға қарсыласының саусақтары, қол ұшы немесе білегі білікшеге тигенде немесе олардың білікшенің жоғарғы жиектерінің арасындағы шартты сызықтан асқан жағдайында беріледі.
Ұстасу бұзылған немесе ескерту жарияланған жағдайда қатысушылар 30 секунд демалуға құқылы.
Ережелерді бұзу деп келесілер танылады:
• Рефери командасын орындамау.
• Уақытынан ерте бастау.
• Шынтақты шынтақ сүйенішінен ажырату.
• Шынтақтың шынтақ сүйенішінен тайып кетуі.
• Үстелдің ортаңғы сызығына баспен, иықпен қиып өту.
- Басын немесе иығын өз білегіне немесе қол ұстасуға тигізу.
• Өзі үшін сындарлы күйде ұстасуды қасақана үзу.
• Өз қолыңызға жарақат келтіретіндей күйді қолдану.
• Қарсыластың қолы жарақаттану мүмкін жағдайды қоздыру.
• Бос қолды үстел істікшесінен жіберу.
Көрсетілген ережелерді бұзғаны үшін спортшыға ескерту жарияланады. Екі ескерту алған спортшы жеңілді деп есептеледі.
Егер спортшы өзі үшін сындарлы жағдайда ережелерді бұзса, онда ол жеңіліске ұшырайды. Сындарлы жағдай спортшы қолының тігінен 45 градусқа немесе одан да көп ауытқуы болып саналады.
№ 2-қосымша
«Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының
50 жылдығына орай Спартакиада өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
САНДЫҚ ӨТІНІМ (команда және қатысушылар саны ұсынылған спорт түрлері көрсетіледі)
Орган атауы ________________
Р/б
№
Спорт түрі Қатысушылар саны
1 Футбол 6 – 12
2 Волейбол (ер) 6 – 12
3 Волейбол (әйел) 6 – 8
4 Шахмат (ер) 1
5 Шахмат (әйел) 1
6 Үстел теннисі (ер) 1
7 Үстел теннисі (әйел) 1
8 Арм-рестлинг 2
БАРЛЫҒЫ: ______________ спортшы.
Команда капитаны ___________________
Төраға ________________
Осы өтінім Алматы қалалық адвокаттар алқасына 2023 жылдың 15 тамызынан кешіктірмей жіберілуі тиіс.
Телефоны: 7 727 2780477, электрондық адресі: prezidium_agka@mail.ru
№ 3-қосымша
«Алматы қалалық адвокаттар алқасы» Адвокаттар алқасының
50 жылдығына орай Спартакиада өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
- Волейбол бойынша команда (ерлер)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
1. … … … (команда капитаны)
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
- Волейбол бойынша команда (әйелдер)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
(нөмірі және берілген күні)
1. … … … (команда капитаны)
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
- Шахмат бойынша команда (ер)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
(нөмірі және берілген күні)
1.
- Шахмат бойынша команда (әйел)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
(нөмірі және берілген күні)
1.
- Үстел теннисі бойынша команда (ер)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
(нөмірі және берілген күні)
1.
- Үстел теннисі бойынша команда (әйел)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
(нөмірі және берілген күні)
1.
- Арм-рестлинг бойынша команда (ер)
№ Аты-жөні Туған күні
(кк.аа.жж.) Лицензия / немесе Куәлік нөмірі (нөмірі және берілген күні)
(нөмірі және берілген күні)
1.
2.
Қосымша:
– Спартакиаданың әрбір қатысушысының қызметтік куәлігінің көшірмесі.
Команда капитаны _____________________
Төраға _________________
*Осы өтінім Алматы қалалық адвокаттар алқасына 2023 жылдың 30 тамызынан кешіктірмей жіберілуі тиіс.