РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

202424.04
0

Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы аз.Қ.Бишимбаевқа қатысты процеске байланысты өрбіген қылмыстық сот төрелігіндегі адвокаттардың рөлі туралы қоғамдық талқылауға байланысты мыналарды мәлімдеу қажет деп санайды.

1. Жұртшылықтың назарына

Қорғану құқығы және адвокаттың рөлі

Құқықтық демократиялық мемлекетте әркімге білікті заң көмегіне кепілдік беріледі.

Адам қандай ауыр қылмыс жасады деп айыпталмасын, адвокаттар оны заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен осы айыптаудан қорғауға міндетті.

Қылмыстық процестің орбитасына тартылған адамдарға көмектесу –адвокаттың кәсіби борышы, оны ол қоғам мен мемлекеттің оның қорғауындағы адамға деген көзқарасына қарамай орындауы керек.

Әділ сот төрелігі қорғаушы дауысы айыптау дауысымен тең болған жағдайда ғана мүмкін болады, өйткені бұл жағдайда ғана қарапайым адамдарға қатысты сот қателігі мен мемлекеттің озбырлығына кепілдік бар. Бұл функцияны орындай отырып, адвокаттар кез-келген адамнан еркіндік пен тәуелсіздіктің қажетті үлесіне ие болуы керек. Сондықтан заң оларға тиісті құқықтар мен міндеттер береді және олардың мәртебесін қорғайды.

Жоғарыда аталған себептер бойынша адвокаттар Қ.Бишімбаевты заңға және кәсіптік әдеп ережелеріне сәйкес қалай қажет деп санайды, солай қорғауға тиіс және қорғайтын болады.

Адвокатты қорғауындағы адаммен сәйкестендіруге тыйым салу

Әлемнің бірқатар елдерінде адвокаттық қызмет ең қауіпті деп танылады. Көбінесе адвокаттар клиенттердің құқықтарын қорғаудағы бірбеткейлігі үшін мамандыққа қол жеткізуден айырылады, ал кейде бас бостандығынан, тіпті өмірден айырылады.

Қазақстанда заң адвокатты заң көмегін көрсететін адаммен сәйкестендіруге тыйым салады. Осы нормаға сәйкес жәбірленушілердің немесе қоғамның сотталушыға жақтырмай қарауын адвокатқа аударуға болмайды.  

Бірбеткей адвокаттарды қудалау әрекеттері Қазақстан тарихында орын алды және адвокатура мұның қайталанбауы үшін күресуде.

Осыған байланысты адвокаттарға өздерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қысымды тоқтатуды сұраймыз.

Адвокаттың өзі қорғайтын адам алдындағы міндеттері

Күдіктілер мен сотталушылардың өз мүдделерін қорғауға құқығы бар. Адвокат клиентке ұстанымын қорғауға көмектесе отырып, заңды бұзбайды, өз міндетін орындайды, онсыз сот ісін жүргізу орбитасындағы азаматтардың барлығына қатысты қылмыстық процесс репрессияға айналады.

Адвокат клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға міндетті.

Адвокат белсенді болуы керек, қайшылықтарды, дәлсіздіктерді және жіберілген бұзушылықтарды анықтауы тиіс, өтінішхаттар мен шағымдарды мәлімдеуі, түсініктеме беруі керек.

Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн тұлғаға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады.

Адвокат көмек сұраған адамның мүдделеріне адалдықты сақтауға міндетті және оның мүдделеріне қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды. 

Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ. Ол өзінің клиенті таңдаған ұстаным қандай болмасын, өз клиентін қорғауды соңына дейін жеткізуі керек.

Міндеттерді орындау және заңда белгіленген шектеулерді сақтау адвокатқа кінә болып тағыла алмайды. Егер адвокат көрсетілген шектеулер мен міндеттемелерді қатаң сақтамаса, онда әркімнің әділ сот төрелігіне құқығы бұзылады.

Адамзат тарихында адвокаттың қатысуынсыз немесе тергеу мен соттың қысымымен өздерінің қорғауындағы адамдарды тиімді қорғай алмайтын адвокаттардың қатысуымен адамдарды соттау кезеңдері болды. Мұндай адвокаттар көбінесе үнсіз куәгер болып қала берді, клиенттердің құқықтары үшін күресуге мүмкіндігі мен еркі болмады. Тараптардың теңдігі мен бәсекелестік қағидатын осындай бұзу үнемі жаппай қуғын-сүргінге, адамның құқықтары мен бостандықтарын жүйелі түрде басуға, сондай-ақ заңсыздық пен әділетсіздіктің таралуына әкелді. Біздің тарихымыздың бұл қараңғы беттері қайталанбауы керек.

Адвокаттарды тәртіптік жауапкершілікке тарту

Адвокаттардың заңнама мен Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзуы заңда белгіленген тәртіппен оларға тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдануға әкеледі.

Сонымен қатар, адвокаттарды тәртіптік жауапкершілікке тарту бірбеткей адвокаттарды кәсіптен шығаруға әкелмеуі керек. Сондықтан Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттарға қатысты барлық шағымдардың объективті қаралуын қамтамасыз ете отырып, тиісті рәсімдерді сақтау маңызды деп санайды.

Тәртіптік органдардың шешімдері әділ болуы үшін және қоғамның сенімі болу үшін Республикалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының құрамына алты адвокаттан басқа, Жоғарғы соттың құрметті отставкадағы екі судьясы кіреді, олардың бірі осы орган төрағасының орынбасары, сондай-ақ үш танымал профессор мен заң ғылымдарының докторы, олардың бірі ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.

2023 жыл ішінде 158 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 15-і адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, адвокаттар алқасынан шығарылды.

2. Адвокаттардың назарына

Адвокаттар азаматтық қоғамның белсенді бөлігін құрайды. Олардың елдегі маңызды оқиғаларға қатысты ұстанымдары өте маңызды және қоғам тарапынан сұранысқа ие. Сондықтан сөз бостандығы мен ақпарат тарату құқығы адвокаттарға толығымен тиесілі.

Көптеген құқықтық мәселелер бойынша заңның өрескел бұзылуын көбінесе адвокаттар көреді, ал Республикалық адвокаттар алқасы шынайы ақпаратты айту кезінде қаншалықты ыңғайсыз болса да оларды қолдайды.

Сонымен қатар, Кәсіптік әдеп кодексіне сәйкес адвокат өзінің кәсіби қызметінде құқыққа және заңға қызмет ету миссиясын білуі керек, құқық үстемдігі қағидаттарын бекітуге және практикалық іске асыруға және заңдылықты мүлтіксіз сақтауға ықпал етуі керек. Мамандықтың беделіне, ар-намыс пен қадір-қасиетті сақтауға, адвокатураның беделіне қамқорлық жасау әр адвокаттың моральдық міндеті болып табылады. Адвокаттың мінез-құлқы заң талаптары мен адамгершілік қағидаттарына заң көмегін көрсету кезінде де, күнделікті өмірде де, жеке өмірде де сәйкес болуы керек.

Адвокаттың әріптестеріне құрметпен қарау, ұжымдағы қалыпты моральдық-психологиялық ахуалды сақтау міндеті өзгермейтін ереже болып табылады. Адвокат заң көмегіне жүгінген адамның алдында басқа адвокаттың іс-әрекетінің дұрыстығына дауласпауы керек. Егер әріптестің қатесі табылса, адвокат оны әдепті түрде түзетуге көмектесетін мүмкіндік табуы керек.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты адвокаттардан адвокатураның беделін түсіретін сыни қоғамдық пікірлерден бас тартуды сұраймыз. Біз бәріміз елдің негізгі құқық қорғау институты болып табылатын адвокатураның мұраттарын, құндылықтары мен жақсы дәстүрлерін сақтауға міндеттіміз.

3. Депуттар мен уәкілетті органдардың назарына

Соңғы уақытта адвокатурада оң өзгерістер орын алуда. Депутаттар мен мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «күшті және тәуелсіз адвокатурасыз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес» деген сөздері бағдарламалық нұсқау болды.

Мемлекеттің адвокатураға деген көзқарасы сот төрелігіне және жалпы құқықтық жүйенің тиімділігіне әсер ететін негізгі аспект болып табылады. Адвокаттардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық кепілдіктерге қарамастан, іс жүзінде бұл тетіктер көбінесе дұрыс жұмыс істемейді, бұл кәсіби қызметтегі проблемаларға әкеледі.

Аталған сот процесі мысалында көріп отырғанымыздай, азаматтар өздерін қорғау үшін бірнеше адвокаттарды тарта алады, ақылы негізде жеке сарапшылар мен мамандардың қорытындыларын ала алады. Алайда, Республикалық адвокаттар алқасының пікірінше, халықтың басым бөлігі үшін мұндай қорғаудың қол жетімді болуы екіталай.

Осыған байланысты адвокаттың еңбегіне ақы төлеу мемлекет есебінен жүргізілетін мемлекеттік бағдарламаны түбегейлі қайта қарау қажет. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша төлем өте төмен, көптеген көмек түрлері, соның ішінде маманның пікірін алу төленбейді, ал ең бастысы – адвокатқа оның жұмысы үшін ақы төлеу үшін оның іс жүргізу қарсыласы (тергеуші немесе прокурор) немесе сот шығарған қаулы негіз болып табылады. Бұл адвокаттың тәуелсіздігіне және оның өзі қорғайтын адамдардың құқықтарын белсенді түрде қорғау мүмкіндігіне әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасында және қазақстандық адвокатураның 2022-2023 жылдарға арналған жай-күйі туралы Ұлттық баяндамаларда көрсетілген басқа да проблемалар бар.

Қоғам, мемлекеттік органдар мен депутаттар бізге Қазақстандағы адвокаттық кәсіпті 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.