«Адвокатура – сіздің құқығың үшін»
Бүгін, 5 желтоқсан 2023 жылы, Адвокатура күніне орай AҚАА Заң кеңестерінде және адвокаттық кеңселерде тегін заңгерлік кеңестер түріндегі заң көмегін көрсету бойынша «Адвокатура – сіздің құқығың үшін» Республикалық акциясы өтті.
🖌Осы акция аясында АҚАА адвокаттары Алматы тұрғындары мен қонақтарына тегін заңгерлік кеңестер берді.
🖌Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету, жалпы адвокаттық қызметтің имиджін дамыту және нығайту.
🖌Сонымен қатар Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары халыққа заңда көзделген негіздер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрақты негізде көрсететінін естеріңізге саламыз.