«E-Өтініш» арқылы келіп түсетін адвокаттық сауалдарды қарау тәртібі
Бүгін Алматы қаласының мемлекеттік мұрағат ғимаратында Алматы қаласының адвокаттары мен нотариустарының қатысуымен “E-Өтініш” арқылы келіп түсетін адвокаттық сауалдарды қарау тәртібі” тақырыбында семинар өтті.
Мемлекеттік мұрағаттардың Мұрағаттық анықтамалар беру жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:
1) “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” (2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңы);
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы(ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы №215 бұйрығы);
3)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 бұйрығы);
4) Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығы).
Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес әлеуметтік – құқықтық сипаттағы сұраныстарға растау жатады:
-еңбек өтілі және жалақы мөлшері;
– жасы, отбасы құрамы, білімі, марапаттары
– зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару;
- ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, жазатайым оқиғалар;
- емделуде, эвакуациялауда, репрессияларды қолдануда;
– оңалту, әскери бөлімдер мен құралымдарда қызмет ету;
– экологиялық апат аймақтарында тұру;
– бас бостандығынан айыру орындарында болу;
– азаматтық хал актілерін, мүліктік құқықтарды растау және мұрағаттарда сақталатын өзге де мәліметтер.
Сұрау салуды “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы жіберу “құқықтық көмек” қызметі, бұдан әрі “құжаттар мен мұрағаттық анықтамаларға апостиль қою” , бұдан әрі “мұрағаттық анықтамаларды алу” , бұдан әрі “Қызметке ОНЛАЙН тапсырыс беру” қызметтері арқылы беріледі.