Адвокаттар арасындағы пікірсайыс

202214.10
0

Күні:

29 Қазан 2022 жыл

Уақыты:

Таңғы сағат 10 бастап

Нұсқау беру күні және уақыты (онлайн):

Сайыстың өткізілу күнінен бір апта бұрын

Сайыстың өткізілу орны:

Адвокаттардың тағылымдамадан өту және Біліктілігін арттыру орталығы, Алматы қаласы, ​Байтұрсынов көшесі, 132Б, ​6-қабат.

Сайыс келесі ережелерге сәйкес өткізіледі: 

Қатысушылар: 

Командалар (3 ойыншы-спикерден құралған)сендірушілер тақырыпты қорғайды, терістеушілер – теріске шығарады.  

Судьялар – командалардың қайсысы өз позициясын дәлелдеуде неғұрлым сенімді болғандығын шешеді; позициялардың қақтығысу аймақтарын белгілейтін ойын хаттамасын жүргізеді; спикерлер баяндамаларының күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді.  

Таймкипер – ойын регламенті мен ережелерінің сақталуын қадағалайды.  

Жаттықтырушы (тьютор) – әрекет етуші адвокаттар (Опционалды).  

Пікірсайыстың ерекше сипаттары болып табылады:  

уақыт шектеулерін қатаң сақтау, нақты рөлдік нұсқаулар, бағалау критерийлерінің объективтілігі. 

Регламент: 

Турнир плей-офф жүйесі бойынша командалардың жұп (8 командадан аспайтын) саны арасында өткізіледі.  

  • Ойынды модератор алдын-ала жеребе арқылы анықталған екі команда арасында өткізеді; 
  • Ойынның негізгі тақырыбы мен команда тарабы ойын басталғанға дейін 5 минут бұрын жеребе тастау арқылы анықталады; 
  • Ойын үш раундта өткізіледі: 

1-раунд – командамен сайланған спикердің өз позициясын дәлелді түрде түсіндіруі (әр командаға берілетін уақыт ұзақтығы 5 минут);

2-раунд – айқас сұрақтар (уақыт ұзақтығы: сұрақ қоюға 30 секунд, жауап беруге 1 минут. Бір командаға барлығы үш сұрақтан көп емес);

3-раунд – шақырылған сарапшымен пікірталас. Бұл раундта шақырылған сарапшы әр командамен кезекпен пікір таластырады (әр командаға берілетін уақыт ұзақтығы 3 минуттан көп емес).

  • Судьялардың жеңімпаз команданы анықтауы. 

Жеңімпазды анықтау критерийлері:

  • Аргументтің дәйектілігі мен анықтығы;
  • Шешендік өнер;
  • Баяндау регламентін ұстану.

Ойындардың тақырыптары:

  • Бизнесті құқықтық қамсыздандыру – мемлекеттің міндеті
  • Сотта өкілдік етудің адвокаттық монополиясы
  • Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру 
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына ағылшын – саксон құқығының элементтерін енгізу
  • Төрелік
  • Қорғау актілері
  • Адвокаттың медиа кеңістіктегі мінез-құлқының бекітілген ережелері
  • Адвокаттық қол сұқпаушылық

Командаларды тіркеу:

Тіркеу 2022 жылдың 15 қазанынан дейінқатысуға өтінішті: center@agka.kz электрондық адресіне жіберу арқылы жүргізіледі.

Өтініште: команда атауы, қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып құрамы көрсетілуі тиіс.

Сайысқа бірінші болып тіркелген 8 команда қатысады.

Толықтыру:

Сайысқа команда қатысушысы ретінде қатысу біліктілікті арттыруға 2 академиялық сағат есебінде есепке алынады.