8 желтоқсан 2023 жылы Алматы қалалық сотында дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстел барысында талқыланған тақырыптар:
1. Заңгер мамандығының ішінде судья лауазымы бірден бір ерекше мамандық. Судья лауазымына кандидаттарды даярлау.
2. Адвокаттар мен жәбiрленушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе өтелмеген жазаның бөлігін басқа түріне ауыстыру мәселелері
3. Әкімшілік істер бойынша талап қоюды кері қайтару мәселелері.
Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Спартакұлы Смайылов мырза құттықтау сөзін сөйледі. Ол өз баяндамасында сот жүйесіне жаңа кадрларды тарту және судьялыққа үміткерлерді даярлау мәселесін көтерді.
Аталған дөңгелек үстелге Алматы қаласы аудандық соттарының төрағалары, Алматы қаласының судьялары, адвокаттар мен заң консультанттары қатысты.
Келесі кезекте құттықтау сөз АҚАА төрағасының орынбасары Г.Б.Байғазинаға берілді. Ол өз сөзінде судья мамандығының күрделілігін және судья лауазымына кандидаттарды іріктеу мен оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Судья Гүлнар Сейфуллақызы Қожаханова «Заңгер мамандығының ішінде судья лауазымы бірден бір ерекше мамандық. Судья лауазымына кандидаттарды даярлау» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол соңғы жылдары сот жүйесінде кадр мәселесі бойынша атқарылған шараларды атап өтті. Мәселен айта кетсек:
-Бүгінде Алматы қаласындағы судьялар саны – 240 бірлікті құрайды. 32 бос жұмыс орны бар.
-Соңғы 3 жылда қалада 65 судья тағайындалды, олардың қатарында сот жүйесінің барлық қызметкерлері, оның ішінде адвокаттар да бар.
-Кадрларды даярлау сот төрелігі академиясында тағылымдамадан өту немесе оқыту арқылы жүзеге асырылады.
– Емтихан 5 кезеңнен тұрады.
-Қайта қабылдау мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды. Компьютерлік тестілеудің баллы 80-нен 75-ке дейін төмендетілді.
-Құжаттар тізімі 10-нан 5-ке дейін қысқартылды Біліктілік емтиханы жылына 8 рет өткізіледі.
Сөзінің соңында Г.Сейфуллақызы заң қоғамдастығының өкілдерін судьялар қатарына белсенді қосылуға шақырды.
Судья лауазымына кадрлар даярлау және судья қызметінің проблемалық мәселелерін талқылауға АҚАА адвокаттары белсенді қатысып, мазалаған сұрақтарын қойып, талқылады.