25.09.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2023 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА», «Алқа») отырысы өтті.
Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешім қабылдады:
АҚАА-ның 50 жылдығына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитеті Төрағасының АҚАА-ның 50 жылдығына арналған «Спартакиада 2023» ұйымдастыру үшін қаражат бөлу және АҚАА Төралқасының бұрынғы Төрағасы Б. А. Жакуповқа 2023 жылғы 14 қазанда АҚАА-ның 50 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Астана-Алматы-Астана ұшағымен жол жүру ақысын төлеу туралы баяндамасы қаралсын (баяндама қоса беріледі).
Осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша,
Төралқа бірауыздан
Қаулы етті:
– медальдарды, кубоктарды, футбол формасын, манишкаларды, кеуде медальдарын, жалауларды сатып алуға, футболкаларды, шильдаларды брендтеуге, логотипті әзірлеуге және Спорт кешенін жалға алуға;
– АҚАА Төралқасының бұрынғы төрағасы Бахытжан Акутаевич Жакуповқа АҚАА-ның 50 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Астана-Алматы-Астана ұшағымен жол жүру ақысын төлеуге ақша бөлінсін.