24.02.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2023 жылғы 24 ақпанда Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының (әрі қарай мәтін бойынша – Төралқа, АҚАА, Алқа) отырысы болды.
Төралқа отырысы WhatsApp қосымшасы арқылы өтті.
Төралқа күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша келесідей шешім қабылдады:
I. Дрихель В. Л. адвокатының АҚАА мүшелігінен шығару туралы өтініші қанағаттандырылсын.
II. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Н.А. Жазылбеков пен Адам М.А. адвокаттарына сайлау алдындағы жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсетілсін.
III. 2023 жылға арналған әкімшілік-басқару қызметкерлерінің кіріс-шығыс сметасы бекітілсін.
IV. 2023 жылға арналған Тағылымдама және адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығының кіріс-шығыс сметасы бекітілсін.
V. 2023 жылға арналған әкімшілік-басқару қызметкерлерінің штаттық кестесі бекітілсін.
VI. АҚАА төралқасы мүшесінің қорытындысымен келісіп, АҚАА төралқасының төрағасына адвокат Ұ.М-ға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.
VII. Ж. адвокатына құжаттама түрінде растайтын негіздердің болмауына байланысты материалдық көмек көрсетуден бас тартылсын.
VIII. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шешім қабылдаған іс бойынша араласу үшін заңды негіздердің болмауына байланысты С. адвокатының өтінішін қанағаттандырусыз қалдырылсын.
IX. Адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін «LPRC» Құқықтық саясатты зерттеу орталығы аккредиттелсін.
Х. М. адвокатының 2018 жылғы 23 қарашада РАА бекітілген қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ресімдеу тәртібіне МКЗК бағдарламасы аясында АҚАА-да бар хабарламаларды ресімдеу тәртібінің сәйкес келмеуі туралы өтініші негізсіз деп танылсын:
1. АҚАА-да белгіленген МКЗК аясында адвокаттардың хабарламаларды ресімдеу тәртібі 23.11.2018 ж. РАА бекітілген қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ресімдеу тәртібіне қайшы келмейді.
2. Алқа ұсынатын хабарламаларды алқа қолданатын бланкілермен қамтамасыз етудің қате түсіндірілуін болдырмау мақсатында адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесінің 36-тармағы және АҚАА Төралқасының 17.07.2019 ж. қаулысымен бекітілген адвокаттар арасында қорғауға, өкілдік етуге, құқықтық консультацияға тапсырмалар бөлу (әрі қарай – Ереже) келесі редакцияда толықтырылып, мазмұндалсын:
«36. Тағайындау туралы қаулыны (ұйғарымды) заң консультациясының меңгерушісі адвокатқа береді, ол тапсырманы қабылдай отырып, МКЗК аясында қорғау (өкілдік ету) туралы хабарлама (әрі қарай – Хабарлама) жазады.
Хабарлама Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келісімі бойынша Республикалық адвокаттар алқасы анықтаған нысан бойынша және тәртіппен жазып беріледі.
Хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні адвокатты қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаларды тіркеу журналының деректеріне сәйкес келуі тиіс.
Адвокат хабарламаны өз бетінше дайындаған жағдайда, ол бір тәулік ішінде заң консультациясының меңгерушісін хабарламаның нөмірі мен тіркелген күні туралы жазбаша түрде немесе мессенджерлердің (электрондық поштаның) көмегімен хабардар етуге міндетті.
Адвокат хабарламаны толтырған кезде алқа ұсынған бланкіде заң консультациясының меңгерушісі бланктің реттік нөмірін тіркейді.
Адвокат тағайындау туралы Қаулының (Ұйғарымның) көшірмесі «Процесті жүргізетін органдардың қаулылары» заң консультациясының нарядында 3 (үш) жыл бойы сақталады.
3. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат белгіленген тәртіппен адвокаттардың назарына жеткізілсін.