23.09.2024 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2024 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА») отырысы өтті.
Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешім қабылдады:
I. Адвокат А. К. Б. қатысты тәртіптік іс қозғаудан бас тартылсын.
Адвокаттың іс-әрекеттерінде директордың атына дөрекі сөздер айту бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларының ішінара бұзғаны анықталғандықтан, АҚАА-ның Адвокаттық этика жөніндегі комиссиясына А. К. Б. адвокатымен алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізу тапсырылсын.