23.04.2024 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2024 жылғы 23 сәуірде Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА», «Алқа») отырысы өтті.
Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешім қабылдады:
I. Адвокаттар Д. З. Аубекованың, А. М. Кузековтың АҚАА мүшелерінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.
II. Адвокат М.Н. Кабденованың ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, АҚАА Жарғысының 6-бабы 6.1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мүшелік жарналарды төлеуден толық босатыла отырып, 01.04.2024 ж. – 30.09.2024 ж. аралығында 6 (алты) ай мерзімге адвокаттық қызметі тоқтатылсын және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.