20.07.2022 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
20 шілде 2022 жылы Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының (бұдан былай мәтін бойынша – Төралқа, АҚАА, Алқа) отырысы өтті. Төралқа күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша келесідей шешім қабылдады:
I. Қабыл А., Жұмабаева А. А. өтініштерін қанағаттандырылып, олар АҚАА мүшелігінен шығарылсын.
II. АГКА Адвокаттық этика жөніндегі комиссиясының адвокат О. қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің болуы туралы қорытындыларына келісім берілсін.
АҚАА Президиумының торайымына адвокат О. қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.
III. АГКА Адвокаттық этика жөніндегі комиссиясының адвокат С. қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің болуы туралы қорытындыларына келісім берілсін.
АҚАА Президиумының торайымына адвокат С. қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.
IV. Адвокаттардың Қазақстан адвокаттарының 2-Республикалық Спартакиадасына қатысуы бойынша шығыстар төленсін, атап айтқанда, келесілер бойынша:
• 2-Республикалық адвокаттар спартакиадасына қатысатын адвокаттардың жолақысы және тұруы;
• футбол және волейбол бойынша жаттығу залдарын жалға алу;
• Спартакиада қатысушыларына спорттық киім және жаттығуларға арналған спорт жабдықтарын сатып алу;
• АҚАА адвокаттарының Спартакиадаға қатысуымен байланысты басқасы.
V. Адвокат В. Ф. Волковтың адвокаттық қызметті уақытша тоқтату туралы арызы қанағаттандырылсын және лицензиарға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензия әрекетін уақытша тоқтату туралы өтінішхат жіберілсін.
VI. Адвокат Канатпаев М.М. адвокаттық қызметті уақытша тоқтату туралы арызы қанағаттандырылсын және лицензиарға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензия әрекетін уақытша тоқтату туралы өтінішхат жіберілсін.