Алматы қалалық адвокаттар алқасы мүшелері конференциясының ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 18 ақпан 2023 жыл
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 54-бабының 2-тармағының 2), 6), 7) тармақшаларын, Алматы қалалық адвокаттар алқасы Жарғысының 16-бабының 16.2-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Алматы қалалық адвокаттар алқасы мүшелерінің конференциясы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Алматы қалалық адвокаттар алқасының (әрі қарай – АҚАА) 2022 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есебі және Тексеру комиссиясының АҚАА-ның 2022 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері туралы есебі бекітілсін.
2. Ай сайынғы мүшелік жарнаның мөлшерін – 5,5 АЕК (4,5 АЕК – АҚАА қаржылық-шаруашылық қызметіне + 1 АЕК РАА жарнасы) көлемінде қалдырылсын.
3. АҚАА Төралқасына кіріс-шығыс сметасы шегінде АҚАА штаттық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мүмкіндігін қарастыру мәселесі тапсырылсын.
4. АҚАА атынан Адвокаттар алқаларының республикалық конференция делегаттары (әрі қарай – Делегаттар) болып келесілер сайлансын
1) Неясова Набира Мурзахметовна
2) Байгазина Гульнар Бакировна
3) Кадырбекова Бахытгуль Узакбаевна
4) Идрисов Равиль Дамирович
5) Рахимжанова Саулет Адилгазыевна
Делегаттардың келесі құрамдағы резерві қалыптастырылсын:
1) Керимова Рэна Вагифгызы
2) Жанбаев Мурат Акынович
3) Амитов Муратхожа Шарапханович
4) Байжанов Шинкуат Шегемович
5) Аукеров Аян Уразбаевич
Делегаттарға Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатысу құқығы берілсін.
Делегаттардың өкілеттік мерзімі белгіленсін – 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін.
5. Сәрсенова Дина Ураловнаның АҚАА Тәртіптік комиссиясының мүшесі міндетінен босату туралы өтініші қанағаттандырылсын.
6. АҚАА Тәртіптік комиссиясының мүшесі болып Зарапова Эльмира Атабаевна сайлансын.
7. АҚАА Төралқасына (әрі қарай – Төралқа) АҚАА 50 жылдығына орай іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру тапсырылсын.
Төралқаға кіріс-шығыс сметасында көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда АҚАА 50 жылдығына арналған іс-шараларды қаржыландыруға АҚАА жинақтаған қаражатты пайдалану құқығы берілсін.
Төрайым Н. Неясова