Алматы қалалық адвокаттар алқасының төралқа қаулысы

202026.03
0

«Төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік комиссияның Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізу және заң көмегіне мұқтаж адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдау туралы шешімі.

17 наурыз 2020 жыл

Мемлекет басшысының CОVID -19 жаңа коронавирус пандемиясы салдарынан төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтар мен адвокаттардың өмірі мен денсаулығына төнген қатерді азайту мақсатында Төралқа Алматы қалалық адвокаттар алқасының төралқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Заң кеңсесінде, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Алматы қаласы прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығында азаматтарды қабылдау бойынша адвокаттардың кезекшілігін, сондай-ақ төтенше жағдай аяқталғанға дейін алқа басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы тоқтатуды.
  2. Адвокаттарға TrueConf бағдарламасы арқылы соттарда мүдделерді білдіру бойынша қашықтықтан қатысуға көшуді ұсынуды.
  3. Адамдардың көп шоғырлануына байланысты іс- шараларды (жалпы жиналыстар, төралқалардың, тәртіптік комиссиялардың, біліктілікті арттыру курстарының және т. б. отырыстары) өткізуді неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не оларды онлайн өткізу мүмкіндігін қарауды.
  4. АКАА-ның тағылымдама өтішулерге арналған сабақтарды вебинар форматында онлайн трансляцияларда өткізуді.
  5. Үкімет ұсынған алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде дене температурасын өлшеуге, гигиена және дезинфекциялау құралдарын (қолды антисептикалық құралдармен өңдеу, қорғаныш маскаларын киіп жүру және т. б.) алқа қызметкерлерін, адвокаттарды пайдалануға бағдарлауды. Заң көмегіне жүгінетін адамдармен ара қашықтықты сақтауды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.