16.05.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2023 жылғы 16 мамырда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА», «Алқа») отырысы өтті.
Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешім қабылдады:
I. Төралқа мүшесі қорытындыларының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының төрағасына адвокат Б.У. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.
II. Адвокат В. Ф. Волковтың адвокаттық қызметін 15.05.2023 ж. – 15.12.2023 ж. аралығындағы мерзімге тоқтата тұру туралы өтініші қанағаттандырылсын және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.