14.08.2024 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2024 жылғы 14 тамызда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА») отырысы өтті.
Төралқа отырысы WhatsApp Қосымшасы арқылы өтті.
Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешім қабылдады:
I. Адвокат Бейбит Адильханович Кендирбаев 02.08.2024 жылдан бастап өз қалауы бойынша АҚАА мүшелерінен шығарылсын.
II. Адвокаттар Б.А.А., Ч.А.А және Н.М.А. қатысты статистикалық есептерді уақтылы тапсырмау фактісі бойынша төралқа мүшесінің қорытындысының тұжырымдарын келісу, алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу туралы адвокаттарды ескерте отырып, Төралқа отырысында талқылаумен шектелу.