14.02.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері

202314.03
0

2023 жылғы 14 ақпанда Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының (әрі қарай мәтін бойынша – Төралқа, АҚАА, Алқа) отырысы болды.

Төралқа отырысы WhatsApp қосымшасы арқылы өтті.

Төралқа күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша келесідей шешім қабылдады:

I. М.С Сагималиева А.Ж., Ахбанбет Б.А адвокаттарының АҚАА мүшелігінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.

II. Қайтыс болуына байланысты Урунов А.С адвокаты АҚАА мүшелігінен шығарылсын.

III. Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелігінен Абубакирова Дина Берликовнаны   шығару туралы АҚАА Төралқасының 25.08.2022 жылғы қаулысының күші жойылсын (негіздеме – РАА Адвокатурасының тәртіптік комиссиясының 23.12.2022 жылғы шешімі).

IV. Адвокат Б-ға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің болуы туралы АҚАА Төралқа мүшесінің қорытындысымен келісіп, АҚАА төралқасының төрағасына Б адвокатына қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.