13.12.2024 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері

202420.12
0

2024 жылғы 13 желтоқсанда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА») отырысы өтті.

Төралқа отырысы WhatsApp Қосымшасы арқылы өтті.

Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешім қабылдады:

I. Есимов М.Ж., Қадырбекұлы М., Касимбеков М.П., Балтабаев А.Т. адвокаттарының АҚАА мүшелерінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.

II. Адвокат Х.Ш. Рахматулинаның ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 1 және 4-тармақшасына, АҚАА Жарғысының 6-бабы 6.1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мүшелік жарналарды төлеуден толық босатыла отырып, 09.12.2024 ж. бастап адвокаттық қызметі тоқтатылсын және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.

III. Адвокаттық этика жөніндегі комиссияның және Төралқа мүшесінің қорытындыларымен келісу, АҚАА Төралқасының Төрағасына мүшелік жарналар бойынша берешегі бар М.Х.И., Б.А.Н., Т.Ф.Ф., М. М.М., М.Е.К., К.Б.Н., А.Н. адвокаттарына қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.