13.08.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері

202321.08
0

2023 жылғы 13 тамызда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА», «Алқа») отырысы өтті.

Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешімдер қабылдады:

I. Тимишев Г.Н., Нуржаубаева К.И., Байсбай Қ.Ж. адвокаттарының АҚАА мүшелерінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.

II. № 3 ЗК-нің меңгерушісі Г.Г. Есеркепованың АҚАА мүшелерінен адвокат А.Т. Естлеуованың қайтыс болуына байланысты шығарылуы туралы баяндамасы қанағаттандырылсын.

III. Төралқа мүшесінің қорытындысының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының Төрағасына адвокат Б.К. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.

IV. Төралқа мүшесінің қорытындысының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының Төрағасына адвокат А.Н. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.

V. Адвокат А. Р. Бектуреевтің адвокаттық қызметін тоқтата тұру туралы өтініші қанағаттандырылсын және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны тоқтата тұру туралы өтініші лицензиарға жіберілсін.

VI. АҚАА-ның 50 жылдығын атап өтуге байланысты адвокаттарды марапаттау үшін номинациялар бекітілсін.

VII. РАА-да азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісіне жанқиярлықпен қызмет еткені үшін және ел адвокатурасының жоғары идеалдарына бейілділік үлгісі болып табылатын, кәсібіне адалдығы және адвокатураның дамуына қосқан үлесі үшін сіңірген еңбегін мойындау үшін «Қазақстан адвокатының алтын белгісі» – «Золотой знак адвоката Казахстана» Төсбелгісімен марапаттау туралы өтінішхат туралы.

VIII. 08.08.2023 жылы АҚАА Тағылымдама және біліктілікті арттыру орталығының базасында өткізілген және 01.09.2023 жылға дейін бейнежазба режимінде алқаның барлық адвокаттарының тыңдауы үшін қолжетімді «Қаржы мониторингі саласындағы адвокаттың қызметі» тақырыбында вебинарды тыңдау, АЖҚ/ТҚ саласындағы алқаның адвокаттарын оқыту қажеттілігі туралы.

АЖҚ/ТҚ саласында адвокаттарды даярлауға және оқытуға байланысты материалдарды алқа сайтында орналастыра отырып:

АЖҚ-ТҚ саласында тестілеу сұрақтары бойынша РАА позициясы;

АЖҚ-ТҚ саласында ішкі бақылау ережелерінің жаңа редакциясы;

АЖҚ-ТҚ саласындағы адвокаттарға арналған әдістемелік ұсынымдар.