07.12.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері
2024 жылғы 07 желтоқсанда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА») отырысы өтті.
Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешімдер қабылдады:
I. Мұрат А.О., Рахим Т.Р., Береснева Н.А., Белгишев К.М., Ақбай А.А., Сулейман Ю.З., Кишкинов С.К., Шалабаева Г.С адвокаттарының АҚАА мүшелерінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.
II. АҚАА мүшелеріне қабылдансын:
Кузеков Аслан Мубаракович
Мухамедьярова Алма Усербаевна
Жапеков Исабек Ардынбайұлы
Алпысбаев Айдос Манатович.
III. Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының шешімі негізінде, Б.К.Р. 07.12.2023 ж. бастап АҚАА мүшелерінен шығарылсын.
IV. РАА Төралқасы бекіткен сұрақтар тізбесінен адвокаттардың тестілеуден өтуі үшін оларға жауаптардың үш нұсқасы бар 60 сұрақтан тұратын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тесттердің 3 нұсқасы бекітілсін.
Адвокаттардың аттестациясын жедел жүргізу мақсатында өткен жылы аттестатталған адвокаттар шартты түрде сағат 15.00, яғни 12.12.2023 жылға арналған кестеге сәйкес аттестациядан өтетін адвокаттардан кейін, яғни қалалық ЗК, № 1, 2, 3, 4, 5, 6 ЗК қайта аттестациядан өтетінін анықтай отырып, АҚАА Төралқасының 02.02.2023 жылғы қаулысына адвокаттардың аттестациядан өту кезектілігі бөлігінде өзгеріс енгізілсін.
ЗК меңгерушілеріне қайта аттестациялауға жататын адвокаттарды аттестациядан өту кезектілігінің өзгергені туралы таныстыруға міндеттелсін.
V. 1) Мурат Ақынович Жанбаев АҚАА баспасөз қызметі басшысының міндеттерінен босатылсын.
2) АҚАА баспасөз қызметінің жаңа құрамы бекітілсін:
- Басшы – Бахтиярқызы Альбина – жұмыс тобының ағымдағы қызметін жалпы үйлестіру; әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Youtube және т.б.) АҚАА аккаунттары мен топтарын ұйымдастыру және жүргізу;
- Баспасөз хатшысының м. а. – Кожахмет Руслан Маликович;
- «Адвокаты Алматы» журналының шығарушы редакторы – Кусяпова Надежда Валерьевна;
- «Адвокаты Алматы» журналының редакторының орынбасары – Идрисов Равиль Дамирович;
5) Жарияланым мен басылымдардың қазақ тіліндегі нұсқасын қолдау – Кадырбекова Бахыткуль Узакбаевна, Нұрмұхамбет Айдын Асланұлы, Шарипбаева Алия Манарбековна.
6) Жалпы техникалық қолдау – Вуйко Ярослав.
VI. Адвокаттар В.Ф. Волковтың, С.М. Турехановтың адвокаттық қызметті тоқтата тұру туралы өтініші қанағаттандырсын және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.
VII. № 8 ЗК-нің меңгерушісі Г. Р. Жандосованың 2003-2004 жылдары сатып алынған 12 дана кеңсе үстелінің, кітап салатын шкафтың, киім ілетін шкафтың, кітап шкафының, екі компьютердің тозуына және қалпына келтіру мүмкін еместігіне байланысты баланстан есептен шығару туралы баяндамасы қанағаттандырылсын. Кеңсе жиһаздары мен компьютерлерді сатып алуға қаражат бөлінсін.
VIII. Бас бухгалтер И. В. Харитонованың 2023 жылғы сметаны түзету жөніндегі баяндамасы қанағаттандырылсын.