05.01.2024 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері

202412.01
0

2024 жылғы 05 қаңтарда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА», «Алқа») отырысы өтті.

Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша АҚАА Төралқасы келесідей шешімдер қабылдады:

 І. Төралқа бірауыздан Қаулы шығарды:

ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, 55-бабы 2-тармағының 2), 19) тармақшасын, Алматы қалалық адвокаттар алқасы Жарғысының 16-бабы 16.2-тармағының, 8-тармақшасын 16.5-тармағын, 17-бабы 17.4-тармағының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, АҚАА мүшелерінің Конференциясы шақырылсын. Конференция 2024 жылғы 03 ақпанда ZOOM платформасында, сағат 10.00-де өткізілсін.

Конференцияның келесі күн тәртібін қалыптастырылсын:

1) Төралқаның 2023 жылғы қызметі туралы есеп.

2) Тексеру комиссиясының АҚАА-ның 2023 жылғы қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері туралы есебі.

3) Адвокаттық этика жөніндегі комиссияның қызметі туралы есеп.

4) Тәртіптік комиссияның қызметі туралы есеп.

5) Адвокаттардың біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту орталығының қызметі туралы есеп.

2. Делегаттардың өкілдік ету нормасын белгілеу: сегіз адвокаттың бірі.

3. Заң консультацияларының меңгерушілерін 2024 жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде өкілдіктің белгіленген нормасы бойынша Конференция делегаттарын сайлау үшін заң консультацияларында қызметін жүзеге асыратын адвокаттардың, сондай-ақ қызметін жеке және адвокаттық кеңселерде жүзеге асыратын оларға бекітілген адвокаттардың жиналыстарын өткізуді ұйымдастыруға міндеттесін. Бұл ретте, Жарғының 16.5-тармағына сәйкес Алқа Төралқасының мүшелері лауазымы бойынша делегаттар болып табылады

II. Төралқа мүшесінің қорытындысының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының Төрағасына Т. А., Т. Т. өтініші бойынша адвокат Б. А. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.

 III. Төралқа мүшесінің қорытындысының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының Төрағасына адвокат С.Г. өтініші бойынша адвокат Б. А. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.

 IV. Төралқа мүшесінің қорытындысының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының Төрағасына мүшелік жарналар бойынша берешегі бар адвокаттар С.К., И.А., Н.А. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.

V. АҚАА аттестаттау комиссиясының төрағасы Г. Б. Байғазинаның есебі бекітілсін, танысу үшін АҚАА сайтында есеп жариялансын.

VI. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының негізінде адвокаттың біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өзінің кәсіби міндеттерін орындай алмауына байланысты адвокат С. А. заңда белгіленген тәртіппен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы лицензиарға өтінішхат бере отырып, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелерінен шығарылсын.

 VII. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының негізінде адвокаттың біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өзінің кәсіби міндеттерін орындай алмауына байланысты адвокат Н. А. заңда белгіленген тәртіппен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы лицензиарға өтінішхат бере отырып, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшелерінен шығарылсын.

VIII. 2024 жылға арналған АҚАА кіріс-шығыс сметасы бекітілсін.

2024 жылғы 01 қаңтардан бастап АҚАА, Тағылымдама және біліктілікті арттыру орталығының әкімшілік-басқару персоналының штат кестесі бекітілсін.

 IX. ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, АҚАА Жарғысының 6-бабы 6.1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес адвокат Қ. Б. өтініші қанағаттандырылсын, мүшелік жарналарды төлеуден толық босатыла отырып, адвокаттық қызмет 01.01.2024 ж. – 31.12.2024 ж. аралығында бір жыл мерзімге тоқтата тұрсын және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.

Х. № 6 ЗК-нің меңгерушісі Р. Г. Шабанованың 2004 жылы сатып алынған 2 дана кеңсе орындығының жарамсыздығына және қалпына келтіру мүмкін еместігіне байланысты баланстан есептен шығару туралы баяндамасы қанағаттандырылсын.

XI. Адвокат Э. Н. 01.01.2024 ж. бастап өз қалауы бойынша АҚАА мүшелерінен, адвокат С. С. 03.01.2024 ж. бастап өз қалауы бойынша АҚАА мүшелерінен шығарылсын.

Адвокат С.А. ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша АҚАА мүшелерінен шығарылуына байланысты өз қалауы бойынша АҚАА мүшелерінен шығарудан бас тартылсын.