04.05.2023 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері

202304.04
0

2023 жылғы 04 мамырда Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының (әрі қарай мәтін бойынша – Төралқа, АҚАА, Алқа) отырысы болды.

Төралқа күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша келесідей шешім қабылдады:

I. Айтикеев Д.А., Мухажанова Г.Е., Нугуманов А.М., Бегалиев Н.К., Абдрахманов Г.Ж., Савчук О.С., Мельников Ю.А., Кемешова Ж.М., Салиханов А.К., Арғын Ж.Б., Нарматов М.С адвокаттарын АҚАА мүшелігінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.

II. Қайтыс болуына байланысты Сарсембенов М.Б. адвокаты АҚАА мүшелігінен шығарылсын.

III. АҚАА мүшелігіне қабылдансын:

Бекбаев Рауан Рахимбекович

Керимбаев Дамир Нурланович

Жамалов Дамир Акимжанович

Касенов Кайрат Байгабылович

Куприй Александра Анатольевна

Сарбасов Рахметулла Насырович

Адилбеков Ермек Нурсагатович

Сураншиев Жасулан Меирбекович

Диханбаева Салтанат Кудайбергеновна 

IV. АҚАА тағыламдамасынан өтуге рұқсат етілсін:

Валеев Тимур Саматович

Байсмакова Дина Бауржанкызы

Несипбаев Райымбек

Шаяхметов Жанибек Маратулы

Нұқсынбек Мекен

Дармышева Карлыгаш Касымхановна

Исанова Камила Руслановна

Сарсенов Берик Темурович

Абдуллаев Владин Ивуллаевич

Исақұл Дулат Алмасұлы

Лазарев Денис Викторович

Мырзаев Жандос Абдыкасымович

Джабыкбаев Ерболат Аскарович

Ташимов Нуркен Серикович

Абдукадыров Фархад Абдурашидович

Абдрахманов Медет Абдикаимович

Нурмухаметов Олжас Булатханович

V. Тағылымдамадан өту туралы шарттар бұзылып, келесі сынақшыларға тағылымдамадан табысты өту туралы қорытынды берілсін:

Асланов Мирджалил Миралиоглы

Ермакова  Флорина Джумаевна

Нарымов Алмас Тажибаевич

Мун Константин Викторович

Жүнүсбаев  Дархан Топарбайұлы

Ақылбай Жанна Султанқызы

Бактыбергенов  Казибек  Карасаевич

Мустафаев Едиге Нуртаевич

Қартқожа Шыңғыс Қайратұлы

Нускеева Венера Шарипбаевна

VI. 23 қараша 2018 жылғы Адвокаттар алқаласының республикалық конференциясы бекіткен адвокаттардың сынақшыларының тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ереженің талаптарын және шарттың талаптарын сақтамауына байланысты Ермекбаев  Арман  Кенжебекович, Турганбаев  Нуркен  Усербаевич, Шамшеденова Жания Бауыржановна, Мырзакеров Магжан  Бауыржанович сынақшыларымен жасалған тағылымдамадан өту туралы шарт бұзылсын.

VII. АҚАА Төралқа мүшесінің қорытындыларымен келісіп, АҚАА Төралқасының төрағасына мүшелік жарналар бойынша берешекке байланысты М.Т. және С.Н. адвокаттарына қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.

VIII. Адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты 2010 жылғы 11 ақпандағы төралқаның қаулысымен бекітілген Заң көмегін көрсету туралы типтік шартқа (№1 нысан) (әрі қарай – Шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. Атап айтқанда:

1.  2.1.-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

2.1. Адвокат заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа ала отырып, заңнама талаптарын, кәсіби мінез-құлық нормаларын және адвокаттық құпияны сақтай отырып, тапсырманы адал орындауға міндеттенеді.

2.   2.4. тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

2.4. Адвокат Сенімгерден заң көмегін тиісті түрде көрсету үшін маңызы бар мән-жайлар туралы анық ақпарат алуға құқылы. Адвокат Сенімгер берген ақпараттың дұрыстығы үшін жауап бермейді.

IX. Адвокаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін Астана қ. адвокаттар алқасының «Адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығы» аккредиттелсін.

X. «Адвокатура академиясы» жеке мекемесін аккредиттеу туралы мәселені Республикалық адвокаттар алқасы Аккредиттеу туралы ережені бекіткенге дейін қарауды кейінге қалдырсын.

XI. № 15 ЗК меңгерушісінің баяндамасына сәйкес жарамдылық мерзімі өткен пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтар есептен шығарылсын.