03.06.2024 ж. АҚАА төралқасының қабылдаған шешімдері

202410.06
0

2024 жылғы 03 маусымда Алматы қалалық адвокаттар алқасы Төралқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Төралқа», «АҚАА», «Алқа») отырысы өтті.

Күн тәртібін талқылау нәтижелері бойынша Төралқа келесідей шешімдер қабылдады:

I. Адвокаттар А.Р. Тастандиевтың, С. Р. Кощегулованың, А. Сарқытбекұлының АҚАА мүшелерінен шығару туралы өтініштері қанағаттандырылсын.

II. Адвокат Е. Е. Савинованың ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, АҚАА Жарғысының 6-бабы 6.1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мүшелік жарналарды төлеуден толық босатыла отырып, 01.06.2024 ж. – 31.08.2024 ж. аралығында 3 (үш) ай мерзімге адвокаттық қызметі тоқтатылсын және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.

III. Адвокат Б. Асанқызының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, АҚАА Жарғысының 6-бабы 6.1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мүшелік жарналарды төлеуден толық босатыла отырып, 01.06.2024 ж. – 31.05.2026 ж. аралығында 2 (екі) ай мерзімге адвокаттық қызметі тоқтатылсын және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішхат лицензиарға жіберілсін.

IV. АҚАА төралқасы мүшесі мен АҚАА Төралқасы мүшесі қорытындыларының тұжырымдарымен келісу және АҚАА Төралқасының төрағасына Өтініштерді тексеру нәтижелері бойынша адвокаттар Ч.О.В., Ю.Е.М қатысты тәртіптік іс қозғау туралы АҚАА Тәртіптік комиссиясына ұсыныс енгізу тапсырылсын.