ӘКІМШІЛІК ЮСТИЦИЯСЫ БОЙЫНША ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Елордада Әкімшілік юстициясы бойынша пікірталас клубы жұмыс істейді. Клуб құрамына әкімшілік істер бойынша судьялар, адвокаттық қауымдастық, жеке сот орындаушылар палаталарының, прокуратура, әділет өкілдері кіреді. Клубтың жұмыс органы болып Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты табылады.
Клубтың қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану барысындағы қиындық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен шешімдерді талқылауға және қабылдауға бағытталған.
Клубтың екінші отырысы барысында сот орындаушыларының шешімдерін және (немесе) әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулаудың соттық тәжірибесін талқылау қорытындылары бойынша ұсынымдар тұжырымдалған.
Осылайша, «Мәжбүрлеп орындау туралы» жаңа Заңды әзірлеу барысында жұмыс органдарына, атап айтқанда Әділет министрлігі мен жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының назарына жіберілген ұсынымдарға сәйкес, соның ішінде:
– сот орындаушыларының әкімшілік соттарда шағымдануға жататын іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) және шешімдерінің тізбесін регламенттеу;
– тараптар мен үшінші тұлғалардың атқарушылық іс жүргізуді кешіктіру мақсатында, соның ішінде ақшалай өндіріп алу түрінде іс жүргізу құқықтарын теріс пайдалануына қарсы әрекет ету шараларын көздеу;
– атқарушылық іс жүргізу тараптары мен сот орындаушысы арасындағы дауды сотқа дейінгі реттеуді соттық қорғауға қолжетімділікті шектемей енгізу;
– сот орындаушыларының қызметі үшін қамтамасыз ету шаралары қабылданғанға дейін немесе одан кейін сот шешімін орындау барысында борышкер тарапынан төлеуге жататын іс жүргізуді қозғағаны, жекелеген іс-әрекеттер жасағаны үшін АЕК мөлшерінде белгіленетін ақы төлеудің ең төменгі тіркелген мөлшерлемелерін белгілеу.
Қорытындылай келе, Клуб қатысушыларының ұсынымдарының бағыты және оларды іске асыру атқарушылық іс жүргізу тараптары, үшінші тұлғалар мен сот орындаушылары арасындағы сот дауларының төмендеуіне әкеліп соқтыруы, сол арқылы дауды сотқа дейінгі реттеу сатысында құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өткім келеді.