ИНСТИТУТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АЛҚАБИЛЕР СОТЫНЫҢ СОТТЫЛЫҒЫН КЕҢЕЙТУ

202215.11
0

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилер сотының соттылығын кеңейту және қылмыстық істерді олардың қатысуымен қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Алматы қалалық адвокаттар алқасы мен Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.  

Сот төрағасы Асхат Әшірбеков дөңгелек үстелді аша отырып, алқабилер соты институтының маңыздылығын, соның ішінде 2023 және 2024 жылдардың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін соттылықтың кеңеюін ескере отырып атап өтті.  

Мәселен, қазіргі соттылық аса ауыр қылмыстардың 14 құрамын құрайды. 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап алқабилер сотына істердің соттылығы 32 құрамды, 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап – 45 құрамды құрайды.

Қатысушылар іріктеу жүргізу, алқабилерге қарсылық білдіру, алқабилердің сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі қызметіне араласуға тыйым салу, процестік прокурорлар мен қорғаушылардың өкілеттіктерін іске асыру сапасы мәселелерін талқылады.

Алқабилер сотының қарауындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының алдағы кеңеюін ескере отырып, қатысушыларды алқабилердің сапасы да, саны да, сондай-ақ қылмыстық істерді қарауды қамтамасыз ететін судьялардың штат санын ұлғайту мәселесі толғандырды.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Асхат Әшірбеков бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылдың сәуір айынан бастап жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, алқабилердің негізгі құрамының саны 2023 жылғы қаңтардан бастап үш мыңнан он мың адамға дейін, қосалқы құрамы бір мыңнан үш мыңға дейін ұлғайтылатын болады.

2024 жылғы қаңтардан бастап алқабилердің негізгі құрамының санын жиырма мың және қосалқы құрамның санын алты мың адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен қатар, соттың штатты саны жеті судьяға дейін арттырылды, қазіргі уақытта конкурс жарияланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Алматы қалалық адвокаттар алқасы Алматы қалалық сотымен және Алматы қаласының прокуратурасымен жасасқан өзара әрекет ету туралы меморандумдар аясында судьялардың адвокаттар мен процессуалдық прокурорларға арналған оқыту семинарларын өткізу туралы ұсыныс енгізілді.