Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы материалдарды қараудың өзекті мәселелері
02.02.2024 ж. Алматы қалалық соты ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті.
Тақырыбы:”Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы материалдарды қараудың өзекті мәселелері”.
Қатысушылар: Дәулиев Е. К. – қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, модератор Яковлева С. В. – Алматы қалалық сотының судьясы, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, бірінші сатыдағы соттардың судьялары, Алматы қалалық сотының судьялары, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ибраимолдаев Н. А., Алматы қаласы бойынша аудандардың прокурорлары, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 72 мекемесінің бастығы Капышев А., Алматы қалалық адвокаттар алқасының төраға орынбасары Байгазина Г.Б.
Аталған шарада баяндамалармен Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Е. К. Дәулиев және Алматы қалалық сотының судьясы С. В. Яковлева сөз сөйледі.