«Сотка дейінгі тергеу сатысындағы сот бақылауы – тергеу іс-әрекеттерін, өзге іс-қимылдарды, ЖТӘ материалдарын санкциялау жөніндегі өзекті мәселелер, шағымдарды ҚПК 106 бабының тәртібінде қарау» атты дөңгелек үстел өтті.

202301.06
0

26 мамыр 2023 жылы Алматы қалалық сотында «Сотка дейінгі тергеу сатысындағы сот бақылауы – тергеу іс-әрекеттерін, өзге іс-қимылдарды, ЖТӘ материалдарын санкциялау жөніндегі өзекті мәселелер, шағымдарды ҚПК 106 бабының тәртібінде қарау» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстел басындағы кездесуге АҚАА адвокаттары, сот, прокуратура, полиция департаменттерінің, экономикалық тергеу қызметінің, Алматы қ. бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР Агенттігінің өкілдері қатысты.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Ержан Дәулиев іс-шараның ашылу рәсімінде сотқа дейінгі тергеу секілді маңызды сатыға қатысты бірқатар мәселелерді талқылаудың қажеттілігіне назар аударды. Сонымен қатар заңның біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында бірлесе шешім табуды қажет ететін мәселелердің бар екенін атап өтті.

​Өз сөздерінде Алматы қалалық сотының судьясы, модератор Людмила Бектемирова, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьялары Марал Жарылғасова мен Сардар Есенгельдиев күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді атап өтті. Олар қамауда ұстау, қамауда ұстауға сырттай санкция беру, үй қамағына алу туралы қаулыны орындау, мүлікке тыйым салу бойынша сот тәжірибесінде кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғады.

​Адвокаттық практика тұрғысынан бұлтартпау шараларын санкциялау,ҚПК 23 бабының нормасын қолдану ерекшеліктері, ҚР ҚПК 106 бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеу органдарының іс-әрекеттеріне шағымдану, біліктілікті көрінеу ауырлату, сондай-ақ тергеу және өзге де іс-қимылдарға, ЖТӘ материалдарына санкция беру туралы сотқа дейінгі бақылаудың құқықтық аспектілері жайында айтылды.

 Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Вячеслав Филатов, Алия Шарипбаева, Станислав Горвань басқа да көкейтесті мәселелер жайында айтып өтті.

Әсіресе, адвокат Филатов В. өз сөзінде бұлтартпау шараларын қолданудағы адамдардың Конституциялық құқықтарының бұзылуына алып келетін жағдайларды, санция материалдарымен адвокаттарды таныстырмаудың салдары жөнінде айтып, келешекте мұндай заңбұзушылықтың алдын алу қажеттігін алға тартты.

​Кездесуге қатысушылар талқыланған барлық мәселелер бойынша оларды ары қарай практикалық тұрғыдан шешу үшін ұсыныстар әзірлеу қажет деген ортақ пікірге келді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.