АҚАА адвокаты Жанна Уразбахова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Алматы қалалық адвокаттар алқасы адвокат Жанна Уразбаховнаны Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік марапат – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен құттықтайды.
Бұл марапат – Сіздің кәсібилігіңізді, өз ісіңізге адалдығыңызды және қоғам игілігі үшін атқарған ерен еңбегіңізді мойындау болып табылады. Сіздің адвокатураның дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан үлесіңіз көптеген әріптестеріңізге үлгі болып, жоғары бағалауға лайық. Сіз әрдайым әділдіктің қорғаушысы болып, кәсіби және адами этиканың ең жоғары стандарттарын көрсетесіз.
Бұл лайықты марапат Сізге жаңа жетістіктерге жетуге шабыт берсін, ал Сіздің қызметіңіз әрі қарай да адамдар мен елімізге пайда әкелсін. Сізге мықты денсаулық, кәсіби табыстар мен амандық тілейміз!
Құрметпен,
Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы