Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының 2023 жылғы 2 ақпанындағы ҚАУЛЫСЫ

202315.02
0

Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының (әрі қарай – Төралқа) 2022 жылғы 17 қарашасындағы қаулысымен Алматы қалалық адвокаттар алқасы мүшелерінің 2023 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Конференциясының (әрі қарай – Конференция) күн тәртібі қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 55-бабы 2-тармағының 2), 19) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Төралқа 

ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Конференцияның күн тәртібі келесідей сұрақтармен толықтырылсын:

5) адвокат Сәрсенова Дина Ураловнаның денсаулық жағдайы бойынша Алматы қалалық адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босату туралы арызын қарастыру.

6) Тәртіптік комиссияның мүшесін сайлау.

7) Алматы қалалық адвокаттар алқасының 50 жылдығы туралы.

2. Осы қаулы Алматы қалалық адвокаттар алқасының сайтында орналастырылсын және заң консультацияларының меңгерушілері арқылы адвокаттардың назарына жеткізілсін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.