Алматыда «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында 30-ға жуық азамат құқықтық көмек алды.

Азаматтарды қабылдауда мемлекеттік органдар өкілдерінің, Халықаралық құқық қорғау орталығы мен «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы» өкілдерімен қатар АҚАА адвокаттары да қатысты.
❓Қала тұрғындары түрлі мәселелермен жүгінді, соның ішінде:
✅әлеуметтік мәселелер;
✅денсаулық сақтау мәселелер;
✅сот және банк жүйесіне қатысты мәселелер;
✅тұрғын-үй мәселелері және т.б.

✍🏻Жоғарыда аталған барлық сұрақтар бойынша адвокаттармен заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді және барлық өтініштер одан әрі шешу үшін бақылауға алынды.
Жобаның негізгі мақсаты — заң тұрғысынан азаматтарға қолдау көрсету, олардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу болып табылады.