Алматы қалалық
адвокаттар алқасы
Конференциясының
22.05.2010 ж.
Шешімімен бекітілген
Алматы қалалық адвокаттар алқасының
заң консультациясы жөніндегі
ТИПТІК ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
- Заңгерлік консультация жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттардың жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында, Алқа Жарғысында (бұдан былай – Жарғы) және осы Ережеде (бұдан былай – Ереже) көзделген басқа да функцияларды орындау үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының Төралқасымен (бұдан былай – Төралқа; Алқа) құрылады.
- Заң консультациясы Алқаның құрылымдық бөлімшесі (бұдан былай – «Алқа») болып табылады және Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының (бұдан былай – Адвокаттық қызмет туралы Заң), Жарғының және осы Ереженің негізінде әрекет етеді.
- Заң консультациясының атауы:
- мемлекеттік тілде:
- орыс тілінде
- Заң консультациясының орналасқан жері:
__________________________________________________________________.
- Заң консультациясының қызмет ету мерзімі шектелмеген.
- Заң консультациясы дөңгелек мөрге, Алқаның атауы мен тиесілігі белгіленген мөртабандарға және заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибуттарға ие, олардың үлгілері заңнамада көзделген тәртіппен бекітіледі және тіркеледі.
2. Заң консультациясы қызметінің мәні мен мақсаттары
- Заң консультациясы қызметінің мәні мен мақсаттары болып табылады:
– азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларды қорғау және өкілдік ету бойынша, сондай ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету бойынша адвокаттардың қызметін ұйымдастыру;
– заң консультациясы адвокаттарының қызметін материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
– заң консультациясы адвокаттарының заңнама талаптарын, адвокаттық этика нормаларын және Алқаның жергілікті реттеу актілерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
– бюджет қаражаты есебінен қылмыстық процесті жүргізетін органдар мен соттарды тағайындау бойынша заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тегін заң көмегін ұсыну.
2.2. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЗАҢ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫН ҚҰРУ барЫсында ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ БӨЛЕК КЕЛІСІЛЕДІ.
3. Адвокаттар, сынақшылар және адвокаттардың заң консультациясындағы көмекшілер
- Алқа мүшелері Төралқамен адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін заң консультациясына жіберіледі және бір заң консультациясынан екіншісіне ауыстырылады.
- Заң консультациясында адвокаттардан басқа жұмыс істей алады:
- сынақшылар (тағылымдамадан өту туралы шарт негізінде);
- адвокаттың көмекшілері – жеке еңбек шарты негізінде.
- Сынақшылар мен адвокаттардың көмекшілерінің жұмыс орнын Төралқа анықтайды.
4. Заң консультациясының меңгерушісі
- Заң консультациясының меңгерушісін Төралқамен Алқа мүшелерінің арасынан тағайындалады.
- Меңгеруші, заң консультациясына басшылық ете отырып:
- заң консультациясының жұмысын ұйымдастырады;
- алдын ала тергеу органдары мен соттың тағайындауы бойынша бюджеттік қорғау қаражаты есебінен заң көмегін көрсету үшін адвокаттарды тағайындайды;
- адвокаттар арасында оларға жеке өтініш болмаған жағдайда олардың біліктілігін ескере отырып, жұмысты бөледі;
- адвокат пен көмек сұраған тұлға арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, орындалған жұмыс үшін төлем мөлшерін белгілейді, сондай-ақ заң көмегін көрсеткені үшін төлемнен босатады;
- адвокаттардың еңбек ақысын төлеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- адвокаттардың жұмыс сапасын, тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады және олардың қызметін жақсартуға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
- адвокаттардың ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;
- Төралқа алдында адвокаттарды көтермелеу туралы өтінішхат қозғайды;
- адвокаттардың, сынақшылардың және адвокаттардың көмекшілерінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
- Төралқа алдында адвокаттарды, сынақшыларды және адвокаттардың көмекшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, тәртіптік жазаларды алып тастау туралы өтінішхаттарды қозғайды;
- адвокаттар мен сынақшылардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді;
- заңнама және сот практикасы бойынша анықтамалық жұмыс жүргізуді ұйымдастырады;
- заң консультациясына бекітілген адвокаттық кеңселер және өз қызметін жеке, заңды тұлғаны тіркеусіз жүзеге асыратын адвокаттар Алқасымен өзара әрекет етуді үйлестіреді;
- іс қағаздарын жүргізеді;
- ордерлерге қол қояды және оларды береді;
- заң консультациясының қалыпты жұмысы үшін қажетті өзге де функцияларды орындайды
5. Заң консультациясы адвокаттарының құқықтары мен міндеттері
- Заң консультациясының адвокаттары адвокаттық қызмет туралы заңнама және Алқаның жергілікті реттеу актілері негізінде белгіленген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.
6. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Заң консультациясының қызметін тоқтату
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Жалпы жиналыстың (Конференцияның) шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
- Заң консультациясының қызметі Төралқаның Жарғыға сәйкес шешімі бойынша тоқтатылады.