«Алматы қалалық адвокаттар алқасы»
адвокаттар Алқасы мүшелерінің
Конференциясында қабылданды
15 желтоқсан 2018 жыл
Адвокаттық этика жөніндегі Комиссия туралы
Ереже
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Адвокаттық этика жөніндегі Комиссия туралы осы ереже (бұдан былай – Ереже) Қазақстан Республикасының 05.07.2018 ж. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (бұдан былай – Заң), «Алматы қалалық адвокаттар алқасы» АА Жарғысы (бұдан әрі, сәйкесінше, Жарғы, Алқа), Адвокаттардың кәсіптік этика кодексі (бұдан былай – Кәсіптік этика кодексі) негізінде Алқа мүшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, лауазымды тұлғалардың хабарламаларын қарастыру бойынша тексерулер жүргізу және адвокаттық этика жөніндегі Комиссияның сол тексерулерді өткізуді жүзеге асыру бойынша өкілеттеріне қатысты бірыңғай тәртібін қалыптастыру және белгілеу мақсатымен әзірленген.
1.2. Ереже жеке және заңды тұлғалардың адвокаттың және сынақшының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымдары, арыздары, өзге де өтініштері, лауазымды тұлғалардың хабарламалары, өзге де өтініштері (бұдан былай – Өтініштер) бойынша тексерулер өткізу және шешімдер қабылдау үшін Комиссияның құрылу тәртібін, қызметі мен өкілеттіктерін белгілейді.
1.3. Комиссияның тексерулер жүргізуінің мақсаттары болып Өтініштерді уақтылы, объективті және әділ қарау, оларды Заңға, Жарғыға, Адвокаттардың кәсіби этика кодексіне, төралқаның қаулыларына және осы Ережеге сәйкес шешу, сондай-ақ, ондай татуласу Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына қайшы келмеу шартымен адвокат, сынақшы және Өтініш берген тұлға арасында татуласуға қол жеткізу табылады.
1.4. Комиссияның Өтініштерді қарау барысында тексерулер жүргізу Өтініш берген тұлғаның жеке өмірінің құпиясын құрайтын мәліметтердің, адвокаттық, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталу жағдайда жүзеге асыруы табылады. Тексеру материалдарын жария етуге жол берілмейді.
2. КОМИССИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Комиссия Алқаның тәуелсіз органы болып табылады және Алқа мүшелерінің оған есеп беретін Жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.
2.2. Комиссия өз қызметінде басшылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасын, Алқа Жарғысын, Кәсіби этика кодексін, осы Ережені, Алқаның (конференцияның) Жалпы жиналысының шешімдерін және Алқа органдарының шешімдерін алады.
2.3. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
2.4. Комиссияның сандық құрамын Алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) анықтайды. Комиссияның құрамына кем дегенде 5 (бес) жыл адвокаттық тәжірибелік өтілі бар білікті және тәжірибелі адвокаттар енгізіледі.
2.5. Комиссия төрағасы болып адвокат табылады.
2.6. Комиссияның өкілеттік мерзімі 4 (төрт) жылды құрайды.
2.7. Комиссияның төрағасы мен мүшелерін Алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайлайды.
2.8. Комиссия төрағасы мен мүшелері сайланғаннан және сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін Алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) Комиссия құрамын бекітеді.
2.9. Комиссия төрағасы мен мүшелерінің өкілеттіктері Алқаның жалпы жиналысының (конференциясының) шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
3. КОМИССИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1. Комиссия толық құрамда сайланғаннан кейінгі бірінші отырыста оның мүшелері өз құрамынан төрағаның орынбасарын сайлайды.
3.2. Комиссия төрағасының, мүшелерінің өкілеттіктері кез келген уақытта келесі жағдайда тоқтатылады:
– адвокаттың Алқадан шығарылуы;
– адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның әрекетін уақытша тоқтату, одан айыру немесе тоқтату;
– қасақана қылмыстық құқық бұзушылық үшін соттау;
– өз қалауы бойынша.
3.3. Комиссия өз қызметінде басшылыққа заңдылық, тәуелсіздік, объективтілік қағидаттарын алады.
3.4. Комиссия Төрағасы:
- Комиссияның ағымды жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- комиссия мүшелерінің ішінен хатшыны тағайындайды;
- қажетті жағдайда Комиссия отырыстарын тағайындайды, күн тәртібін қалыптастырады және өткізеді;
- Комиссия отырысының(тарының) хаттамасына(ларына) және есептеріне қол қояды;
- әрбір Өтініш бойынша Комиссия мүшелерінің ішінен тексерушіні (тексерушілерді) тағайындайды;
- Өтініш осы Ережеде белгіленген оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тексеру жүргізуден бас тартады;
- Өтінішті тексеру нәтижелері бойынша анықтаманы бекітеді;
- Тексерудің барлық материалдарымен бірге адвокатқа, сынақшыға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізу туралы Өтінішхатты дайындайды және Алқа төралқасына жібереді;
- Төралқаның және адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шақыруы бойынша олардың отырыстарына қатысады;
- іс жүргізуді ұйымдастырады, тексеру материалдарының және Комиссияның өзге де құжаттамаларының тиісінше сақталуын және сақталуын қамтамасыз етеді;
- есепті кезеңдегі Комиссия жұмысының нәтижелерін жалпылайды және талдайды;
- Өтініштің уақтылы, объективті және әділ қаралуын қамтамасыз ету мақсатында өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
3.5. Комиссия төрағасы Комиссия қызметінің қорытындылары туралы есеп жасайды және Алқаның жалпы жиналысына (конференциясына) ұсынады.
3.6. Комиссия төрағасы Алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) өткізілгенге дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның жұмысы туралы есепті Алқа төралқасына ұсынады.
3.7. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның өкілеттігі Комиссияның бірінші отырысында жаңа құрамда сайланған орынбасарға жүктеледі.
3.8. Комиссия төрағасы мен мүшелері:
- өз өкілеттігін адал, парасатты және адал жүзеге асыруға, объективтілік және бейтараптық танытуға;
- үшінші тұлғаларға Комиссия мүшесінің міндеттерін орындау барысында да, Комиссияда мүшелікті тоқтатқаннан кейінгі 5 жыл ішінде де, Комиссия мүшесі ретінде қатысуына байланысты өздеріне белгілі болған мәліметтерді (тексеру материалдарын, өтініш берушінің, адвокаттың, сынақшының жеке басы туралы деректерін және басқасын) Қазақстан Республикасы заңнамасының тікелей нұсқауларына сәйкес жағдайлардан өзге жағдайларда жария етпеуге міндетті.
3.9. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай тағайындалады және өткізіледі. Комиссияның отырыстары және оларда қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді, ішінде келесілер көрсетіледі:
- отырыстың реттік нөмірі, өткізілетін орны және күні;
- Комиссия отырысына қатысушы тұлғалар;
- күн тәртібі және Комиссия отырысы мәнінің қысқаша мазмұны;
- отырысқа қатысушы тұлғалардың түсіндірмелері;
- дауыс беру қорытындылары және қабылданған шешімдер
көрсетіледі.
3.10. Комиссия отырыстары өздерінің шешімі бойынша Комиссия отырысының хаттамасына бекітілетін аудио-бейнежазбалардың көмегімен тіркелуі мүмкін.
3.11. Комиссия отырысының қарастыру мәні болып Комиссияның қызметіне байланысты кез келген мәселелер болуы мүмкін. Комиссия отырыстары жабық режимде өткізіледі.
3.12. Комиссия отырысына өздеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатқан немесе аяқталған адвокат(тар), сынақшы(лар) шақырылады. Адвокаттың Комиссия отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі оны өткізуге кедергі болмайды.
3.13. Отырыстардың хаттамаларына отырысқа қатысушы Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды, олар Комиссияның іс кітабында 5 (бес) жыл бойы сақталатын хаттамалар кітабына тігіледі.
3.14. Комиссияның тексеру материалдары тексеру аяқталған сәттен бастап (5) бес жыл бойы сақталады.
4. ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ, МЕРЗІМДЕРІ
4.1. Өтініштерді қараудың жалпы бастаулары
4.1.1. Өтініштер бойынша тексеру жүргізу олардың уақтылы, жан-жақты, толық, объективті және әділ қаралуын қамтамасыз етуі тиіс.
4.1.2. Өтініштерді қарастыру бойынша тексеру мерзімі адвокаттың, сынақшының демалыста, ұзақ іссапарда болған уақытын немесе тексеруді уақытша тоқтуға негіз болып табылатын басқа да мән-жайларды есептемеген жағдайлардан өзге жағдайларда келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Тексеру мерзімін ұзартуды Комиссия мүшесінің Өтініші бойынша Комиссия төрағасы жүргізеді. Тексерудің жалпы мерзімі ұзартылған жағдайда, ол 1 (бір) айдан аспауы тиіс.
4.2. Өтініштерді қарау бойынша тексеру жүргізудің себептері мен негіздері. 4.2.1. Адвокаттың, сынақшының кәсіби қызметті жүзеге асыруына байланысты Өтініш себептерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады. Адвокаттың кәсіби қызметті жүзеге асыруына байланысты емес Өтініш тексеру жүргізу үшін негіз болып табылмайды.
4.2.2. Өтінішті оның авторы кері қайтарып алған немесе адвокат Өтініш авторымен татуласқан жағдайда тексеру жүргізу тоқтатылады.
4.2.3. Өтініштер жазбаша түрде беріледі және құрамында келесідей мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) Өтініш берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және телефоны, осы тұлғаның өкілі болған жағдайда – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, өкілетті тұлғаның телефоны, өкілетті тұлғаға берілген сенімхат көшірмесі; толық атауы және ұйымның БСН, орналасқан жері және телефоны, Өтінішті жіберген лауазымды тұлғаның деректері;
2) өзіне қатысты тексеру жүргізу және (немесе) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қойылып отырған адвокаттың, сынақшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), сондай-ақ, тиісті адвокаттық білімге тиесілігі, заң көмегін көрсету туралы Шарт және (немесе) қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама туралы деректер;
3) адвокаттың, сынақшының кәсіби міндеттерін бұзуы айтылған іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) сипаттамасы;
4) Өтініш берген тұлға өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
6) Өтінішті берген тұлғаның қолы және күні көрсетілуі тиіс.
4.2.4. Адвокаттардың, сынақшылардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) анонимді Өтініштер қарстырылмайды,
4.2.5. Комиссия келіп түскен Өтініштерді Алқаның ішкі құжаттарына сәйкес тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Өтініштерді тексеру нәтижелері бойынша Комиссия төрағасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Өтініш бойынша тексеру жүргізілген адвокатқа, сынақшыға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты (бұдан былай – Өтінішхат) Алқа төралқасына енгізуі үшін негіздердің болуы немесе болмауы туралы шешім қабылданады.
4.2.6. Адвокаттың, сынақшының Заң талаптарын, Жарғыны, Кәсіптік этика кодексін, төралқа қаулыларын, Республикалық адвокаттар алқасы органдарының шешімдерін, Алқа органдарының шешімдерін, осы Ережені бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы Өтінішхат бру үшін негіз болып табылады.
4.2.7. Тексеру барысында адвокаттың, сынақшының осы Ереженің 4.2.6-тармағында көрсетілген, дегенмен елеусіз болуына байланысты адвокатураның беделіне нұқсан келтірмейтін бұзушылықтардың белгілері формальды түрде қамтылған теріс қылық жасағаны анықталған, және клиенттің немесе Алқаның мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген жағдайда Комиссия Өтінішхат жіберуден және тексеруді тоқтатудан бас тарту туралы шешім шығарады.
4.2.8. Өтінішті тексеру нәтижелері бойынша Комиссия жүгінген тұлғаға жазбаша жауап жібереді.
4.3. Өтініштерді қарау бойынша тексеру жүргізу тәртібі
4.3.1. Төраға Өтініш бойынша тексеру жүргізу үшін Комиссия мүшелерінің арасынан тексерушіні тағайындайды.
4.3.2. Тиісті Өтініш бойынша тексеру Комиссиясының төрағасы тағайындаған Комиссия мүшесінің жеке басының мүдделілігіне, осы Өтініш бойынша тексеру жүргізуге қатысатын тұлғамен (тұлғалармен) туыстық байланыстарының болуына байланысты, сондай-ақ тексеру жүргізуге кедергі келтіретін басқа да себептерге байланысты өзінің міндеттерді орындаудан өздігінен бас тартуы жөнінде мәлімдеуге құқылы.
4.3.3. Комиссияның тексеруші мүшесі:
1) өзіне Комиссия төрағасы берген Өтініш(тер) бойынша тексеру жүргізеді;
2) адвокатқа өзіне қатысты Өтініштің келіп түскені және Комиссияның тексеру жүргізгені туралы хабарлайды;
3) адвокатты, сынақшыны осы Ережеге сәйкес өзіне қатысты келіп түскен Өтінішпен(өтініштермен), сондай-ақ оған қоса берілген құжаттармен таныстыру бойынша шаралар қабылдайды.
4) адвокаттан жазбаша түсініктеме, сондай-ақ адвокат, сынақшы, Өтініш авторлары және басқа да мүдделі тұлғалар ұсынған кез келген өзге де нақты деректер алады;
5) Өтініш авторымен сұхбаттасады;
6) тиісті органдар мен ұйымдардан Өтінішті тексеруге қатысты барлық қажетті мәліметтерді сұратып алады;
7) қажет болған жағдайларда тексеру тақырыбына қатысты сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу материалдарымен танысады;
8) Өтінішті тексеру нәтижелері бойынша дәлелді Анықтама жасайды, онда Өтініштің мәні, тексеру белгілеген мән-жайлар және адвокаттың, сынақшының тәртіптік жазаланатын теріс қылық құрамының әрекет етуінің немесе әрекетсіздігінің болуы немесе болмауы баяндалады;
9) тізімдеме жасай отырып, тексерудің барлық материалдарын тігеді;
10) тексеру аяқталғаннан кейін адвокатты, сынақшыны оның барлық материалдарымен жеке таныстырады;
11) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша Өтініш авторына жауап әзірлейді, бұл жағдайда тексеру материалдары Өтініш авторына танысу үшін берілмейді және құпия сипатта ие болады;
12) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адвокат, сынақшы Өтініш бойынша тексеру жүргізуге дәлелсіз себептермен қатысудан, соның ішінде осы Ережеде көзделген мерзімде қаралып отырған Өтініште мазмұндалған дәлелдер бойынша түсініктеме беруден, тексеруші Комиссия мүшесі талап ететін құжаттарды ұсынудан, сондай-ақ Комиссияның тексеруші мүшесімен әңгімелесуге немесе Комиссия отырысына келуден бас тартқан жағдайда және т. б., бұл жағдайда тексеруші Комиссия мүшесі Комиссия төрағасына тиісті баяндаманы береді, Тәртіптік комиссияға ұсынуды дайындау үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы шешім қабылдау үшін Алқаның төралқасына Өтінішті тексерудің барлық материалдары бар анықтаманы беру үшін негіз болып табылады.
4.3.4. Өтініш бойынша тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі анықтама кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұруы, Заңның, Алқа Жарғысының, Адвокаттың кәсіптік этика ережелерінің нақты нормаларына және адвокат, сынақшы бұзған Алқа төралқасының қаулыларына сілтемелерден тұруы тиіс.
4.3.5. Комиссия төрағасы Өтінішті тексеру нәтижелері бойынша адвокаттың, сынақшының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) адвокаттың, сынақшының Заңның, Жарғының, Кәсіптік этика кодексінің талаптарын, Төралқа қаулыларын, Республикалық адвокаттар алқасы органдарының шешімдерін, Алқа органдарының шешімдерін, осы Ережені бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы анықталған жағдайда, Алқа төралқасына іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) тексеру жүргізілген адвокатқа, сынақшыға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы Өтінішхат енгізеді және тексерудің барлық материалдарын береді.
4.3.6. Тексеру барысында адвокат, сынақшы жол берген, Өтініште көрсетілмеген қосымша бұзушылықтар анықталған жағдайда Комиссияның тексеруші мүшесі анықталған фактілерге баға беруге және олар бойынша жеке анықтама жасауға міндетті.
4.3.7. Комиссияның төрағасы тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы Өтінішхатты Алқа төралқасына адвокаттың, сынақшының теріс қылығы анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын, бірақ адвокаттың, сынақшының науқастанған, демалыста, іссапарда болған немесе адвокаттың, сынақшының азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен арыз (шағым) берген уақытын есептемегенде, жасалған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде енгізуі мүмкін.
4.3.8. Өтінішті тексеру жөніндегі хабарландырулар, хабарлар, хабарламалар және өзге де құжаттар адвокаттың, адвокаттық кеңсенің, Өтініш авторының орналасқан жерінің мекенжайы бойынша қағаз арқауда, соның ішінде электрондық пошта, смс-хабарламалары немесе WhatsApp адресіне жіберіледі.
4.3.9. Адвокатты, сынақшыны Алқаға оның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Өтініш келіп түскені және Комиссияның оған қатысты тексеру жүргізгені туралы хабардар ету ауызша және/немесе жазбаша түрде: адвокаттың жеке өзіне қолхатпен тапсыру, хабарламаны, хабарды, тізбені ұялы байланыстың абоненттік нөмірін пайдалана отырып, хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберу немесе адвокатқа өзі Алқаға хабарлаған электрондық мекенжайға хабарлама жіберу арқылы немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, жолдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
4.3.10. Өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адвокат, сынақшы Өтініштің мазмұнымен және оған қоса берілген материалдармен танысуға, олардың көшірмелерін алуға құқылы және Комиссияға адвокаттық іс жүргізуді, соның ішінде клиентпен жасалған заң көмегін көрсету туралы шартты ұсынуға міндетті.
4.3.11. Тексеруге әрбір қатысушы өзінің дәлелдері мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғау құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, тексеру жүргізу кезінде адал қатысуға сәйкес келетін және тексеру нысанасының нақты мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелер мен қарсылықтар келтіруі тиіс.
4.3.12. Өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адвокат, сынақшы хабардар етілген мезеттен бастап 3 (үш) күн ішінде Өтініште мазмұндалған мән-жайлардың мәні бойынша өзінің жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ келіп түскен Өтініш бойынша өзінің қорғау ұстанымын негіздеу үшін қажетті дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Адвокат, сынақшы Өтініш бойынша оның түсіндірмелерін растайтын жазбаша түсініктеме бермеген, Комиссия талап еткен құжаттарды өзінде ұстап қалған жағдайда осы құжаттардағы мәліметтер адвокаттың, сынақшының мүдделеріне қарсы бағытталған деп болжанады.
4.3.13. Өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адвокаттың, сынақшының Өтініш авторымен (ларымен) татуласу жөнінде шаралар қабылдауға құқығы бар.
4.3.14. Комиссияның тексеру нәтижелері бойынша қорытындысы құжат ретінде ұсынымдық сипатта болады және шағымдануға жатпайды.