Сайттың құрметті қонақтары!

Қазақстандағы ең үлкен әрі ең үдемелі дамып келе жатқан адвокаттар алқасының атынан сіздермен сәлемдесуге рұқсат етіңіздер!

АҚАА адвокаттары отандық адвокаттық қауымдастықтың қозғалмалы күші және ерекше белсенді бөлігі болып табылады. Дәл біздің алқамыздың мүшелері өзіне сенім артқандардың құқықтарын қағидалы түрде қорғап қана қоймады, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық органдарда барлық адвокатураның мүдделерін көздейді, министрліктер мен ведомстволардың, Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс топтарына қатысады, елде секілді, одан тысқары жерлерде біздің кәсіби қауымдастығымыздың тәуелсіздігі мен өзінділігін қорғайды. АҚАА мамандықтың адамгершілік қағидаларының қорғаушысы, адвокатура тәжірибесі мен дәстүрлерінің сақтаушысы болып табылады.

Бүгінгі таңда дәл Алматы қалалық адвокаттарының алқасы елімізде құқықтық жәрдем көрсету жүйесінде негізгі буын ретінде ұсынылады және өз қатарында барынша білікті, тәжірибелі және қатып қалған қағидаға ие заңгерлердің басын біріктіреді. Алматы адвокаттары еліміздегі және шетелдегі барлық жерде дерлік барлық істер санаттары бойынша сапалы құқықтық жәрдемді көрсетеді. Біздің адвокаттарымыз Қазақстандағы ең қажет етілетін заңгерлер болып табылады. Адвокаттар Одағымен 2008, 2009 және 2010 жылдары үздік адвокаттар ретінде мойындалған үш адвокаттың үшеуі де біздің алқамыздың мүшелері.

АҚАА адвокаттарды тәжірибеден өткізу және біліктілігін жоғарылату Орталығы әрекет етеді, мұнда ретті негізде тәжірибе жинаушыларға арналған сабақтар жүргізіледі, алқа мүшелері үшін біліктілік үнемі жоғарылату курстары ұйымдастырылған. Жыл сайын екі жүздей адвокаттар біліктілікті жоғарылату курстарынан өтеді, оларды адвокаттық қызметтің мол тәжірибесіне ие ғылыми және тәжірибелі қызметкерлер, сонымен бірге психологтар, криминалисттер, сот медицина қызметкерлері, салық және қаржы саласындағы мамандар секілді білімнің өзге салаларынан шақырылған мамандар жүргізеді.

Біздің алқамыз құрамында Еуропада қауіпсіздік және серіктесу Ұйымы, Америка заңгерлерінің ассоциациясы, Еуропалық Одақтың Өкілдігі және т.б. секілді халықаралық құрылымдармен белсенді серіктесуде. Алқа жыл сайын конференцияларды, семинарларды, тренингтерді және дөңгелек үстелдерді жүргізуге қатысады.

Біздің Алқамыз заңгерлік ортада пікірлер алмасу үшін беделді алаңға айналған Алматы «Адвокаттары» журналын шығарады. Алқаның көптеген адвокаттары ғылыми және мерзімді басылымдарда өз еңбектерін жариялайды, бұқаралық ақпарат құралдарына белсенді шығады, адам құқықтарын қорғау және құқықтық қолдану тәжірибесінің сұрақтарын ашық әрі көпшілік алдында талқылауға қорықпайды. Алқаның 15 астам адвокаттары ғылыми деңгейлер мен атақтарға ие, кейбіреулері қаламыздың әртүрлі ЖОО білім береді.

АҚАА сізге қатысты орын алған құқықтық жағдайдың күрделілігі және сипатына қарамастан Сіздің білікті заңды жәрдемге қол қолжеткізуіңізді қамтамасыз етуге даяр. Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған ақпараттық ресурс заңгерді таңдау кезінде Сіздің дұрыс шешімді қабылдауыңызға көмектеседі деген үміттеміз.

Құрметпен,
АҚАА Президиум Төрайымы

Неясова Набира Мурзахметовна