Құрметті оқырмандар!

«Адвокаты Алматы» журналының редакциясы Алматы қалалық адвокаттар алқасының ресми сайтындағы «Адвокаты Алматы» Журналы» арнайы тарауында сіздерді көргеніне қуанышты.

Енді сіздер «Адвокаты Алматы» журналымен электронды нұсқада таныса аласыздар.

Журнал 2001 жылдан бастап тоқсанына бір рет шығарылады. «Адвокаты Алматы» Журналы» тарауында сіз журналдың бұрынғы шығарылған нөмірлерін, сонымен бірге 2012 жылдың 01 сәуірі – сайттың ресми ашылу күнінен бастап жарияланған барлық нөмірлерін таба аласыздар.

Журналдың интернет кеңестігінде орналасуы оқырмандар аудиториясын кеңейтіп және журналға қол жетімділік мүмкіндігіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге коммуникация мүмкіндіктерін кеңейтуге алып келеді деген үміттеміз.

Журналмен оқырман арасындағы кері байланыс – біз үшін өте маңызды. Бұл журналдың бұдан кейінгі шығарылымдарын жетілдіру үшін құнды материал. Сондықтан журналдың редакциясы журналдың қағаз нұсқасының беттерінде, сонымен бірге АҚАА сайтының «Адвокаты Алматы» Журналы» тарауында жарияланатын сіздердің ұсыныстарыңызды, қалауларыңызды, үміттеріңіз бен сындарыңызды үнемі қуана қабылдауға дайын.

Журнал редакциясы, өз кезегінде, журналдың бұрынғыдан да қызықты, тартымды әрі өзекті етуге ұмтылатын болады.

Kusyapova

Шығарушы редактор
«Адвокаты Алматы» Журналы
Надежда Кусяпова

nkussyapova@yahoo.com