ӘКІМШІЛІК ЮСТИЦИЯСЫ БОЙЫНША ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Елордада Әкімшілік юстициясы бойынша пікірталас клубы жұмыс істейді. Клуб құрамына әкімшілік істер бойынша судьялар, адвокаттық қауымдастық, жеке сот орындаушылар палаталарының, прокуратура, әділет өкілдері кіреді. Клубтың жұмыс органы болып Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты табылады. Клубтың қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану барысындағы қиындық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен шешімдерді талқылауға және қабылдауға бағытталған….