25 қазан — Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

202525.10
0

Құрметті әріптестер! 

25 қазан — Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн — халқымыздың мемлекет құру жолындағы тарихи таңдауы мен егемендікке деген ұмтылысының айғағы, тәуелсіз құқықтық мемлекеттің берік іргетасы қаланған ерекше мереке.

Заңгер қауымы үшін Республика күні — әділет, құқық үстемдігі және азаматтардың бостандығын қорғау қағидаттарына адалдықты тағы бір мәрте еске салып, ел мен халық алдындағы жауапкершілікті сезінетін сәт.

Біздің күшіміз заңға адалдығымыз бен әділетке қызмет етуіміз болып табылады. 

Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби биіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейді.

Әділет пен адам құқығын қорғаудағы миссиямыз мәңгі өзекті, абыройымыз асқақ болсын!

Республика күні құтты болсын!

Құрметпен,

Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.