Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды

202514.12
0


📌 2025 жылғы 09 желтоқсанда Алматы қалалық адвокаттар алқасының Адвокаттарды тағылымдамадан өткізу және біліктілігін арттыру орталығында адвокаттардың қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес Тараптар кәсіпкерлерге консультациялық және құқықтық қолдау көрсетуді бірлесіп ұйымдастыруға; кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді анықтап, жария етуге, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуге міндеттенеді.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде:

• адвокаттардың шағымдары мен өтініштерін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің, сондай-ақ Прокуратура жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының қарауына шығаруға;

• адвокаттардың шағымдары мен өтініштері негізінде құқық қорғау органдарымен немесе олардың басшылығымен кездесулер ұйымдастыруға;

• туындаған құқықтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді бастамалауға міндеттенеді.

📝 Отырыс барысында келесі өзекті мәселелер де талқыланды:

• Кәсіпкерлік кодекске салалық заңдар мен кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңға тәуелді актілердің алдында басымдық беретін конституциялық деңгейдегі мәртебе беру мәселесі – баяндамашы: Абубакирқызы Раушан;

• Бизнесті қорғау тұрғысынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі негізсіз баю нормаларын қолданудың жекелеген мәселелері – баяндамашы: Айтибаев Абат Аманғалиевич.

Меморандумға қол қою – кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесі үшін диалог пен бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.