Алматы қалалық сотында «Жаңа Салық кодексі: негізгі өзгерістер және қолдану тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

202601.03
0

Іс-шараға сот жүйесінің, прокуратура органдарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Screenshot

Кездесу барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, оны практикалық қолдану мәселелері, сондай-ақ салық дауларын қараудың өзекті аспектілері талқыланды. Дәлелдеу тәсілдеріндегі жаңашылдықтарға, сот тәжірибесін біріздендіруге және кәсіби заң қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Негізгі баяндама жасаған ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаментінің директоры Абдрахманов Ораз Аманұлы жаңа өзгерістерге шолу жасап, оларды тәжірибеде қолдану тетіктерін түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар адвокатура мен мемлекеттік органдар арасындағы кәсіби диалогты нығайтуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және азаматтар мен бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.